Астана мәртебесіне ие болғанына да 800 жылдан асқан ежелгі Ханбалық қаласын юань патшалығы кезінде, яғни Құбылай хан дәуірінде Елқдыр (也黑迭儿) деген адам жобалаған деген дерек бар. Бұл жөнінде арнаулы зерттеу жүргізген Қытай қазақтарынан шыққан архитектор Болат Кәрібайұлы Бейжіңнің көне қала аумағы әкімшілік жақтан бір қанша Худұңға (胡同) және шатырлық мекемеге (茶迭儿局) бөлінетінін, Худұң деген сөз тоғыз жолдың торабынан қазылған құдықты (Қытай деректерінде де моңғолдың құдық деген сөзінен шыққан деп көрсеткен) меңзейтінін, ал шадыр тіліміздегі шатыр деген сөз екенін алға тартып, «мүмкін Елқдыр қазақ шығар» деген болжам жасайды. Қытай тарихи деректерінде де Бейжің қаласын жобалаушылардың бірі ретінде Елқдырдың аты аталып, арап немесе хұйхұйлық (回回人) деп көрсетіледі. Бұл арадағы хұйхұйлық деген сөз юань патшалығы дәуірінде орта азиялық мұсылман дегенді білдіретінін ескерсек, жоғарыдағы дерек те текке айтылмаған шығар деген ойға келесің.

Қалиакбар Үсемхан ұлы

парақшасынан алынды

6алаш ұсынды