Шыт тастау

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – «Шыт тастау». Кей өңірлерде «Орамал тастау» деп те айтылады. Бұл ойында балалар шыр айналып отырады, бір бала қолына шеті түйілген шыт немесе, жаулықты алып, балалрды айналып жүгіреді де, өзі қалаған баланың артына шытты тастап кетеді. Шыт тасталған бала сезіп қалса дереу шытты алып, шыт тастаушыны өз орнына жеткенше қуады. Жетсе ұрады, қуып жетсе де, жете алмаса да, шыт алушы айналып басқаларға тастайды. Егер артынан шыт тасталғанда сезбей отырып қалса, шыт тастаушы айналып келіп, шытты алып, қайта айналып сол орынға келгенше ұрады да, өзі айналады. Ойын осылайша жалғасады. Бұл ойын, жастарды сезгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелейді, және жүгіріп дене шынқтыруға пайдалы.

Ойында көңіл бөлетін істер:

  1. Ойынға қатысушылар түгел отыруы керек, тұруға, жүрелеп отыруға, артына жалтақтап қарауға болмайды. Шыт тастағанда басқалар айтпауы керек.
  2. Шыт тастаушы – шыт тасталған баланың нақ артына, қол жететін жерге тастауы тиіс. Екі адамның арасына, алысқа тастауға болмайды.

Ақ сандық пен көк сандық

Қазақ балаларының ежелден келе жатқан дене шынықтыру ойыны. Бұл ойнды көбінше жас балалар ойнайды. Жас балалар бір жерге жиналып алып екі-екіден болып, екеуі екі жаққа қарап бірнің арқасына бірі арқасын келтіріп, екі білектерін айқастырып, бірін-бірі іліп алады да, «ақ сандық», «көк сандық» деп кезектесіп көтереді. Осы арқылы екі білек пен белдің көтеру қуатын арттырып, ауыр жүк көтеруге дағдыланған.

Ақ терек пен көк терек

Ақ терек пен көк терек ойны жас өспірімдерді тездік пен өжеттікке дағдыландырады.

Бұл ойынды ойнау үшін ойыншылар екі топқа бөлініп, қатар тізіліп, кең аралық қалдырып бір-біріне, қарама-қарсы қарап тұрады. Әр екі жақ өздеріне бірден бастық сайлайды. Әр екі жақтың бастығы нені айтса басқалары еріп соны айтады.

Бірінші жақтың бастығы екінші жақтың бастығына қарап:

Ақ терек, көк терк,

Кесіп алдым бәйтерек.

Таңдап алу еркіңде,

Бізден сізге кім керек. Дейді, екінші жақтың бастығы бірінші жақтың бастығына жауап береді:

Өзі шебер өнерлі,

Барлық істе өнерлі.

Оқуда да жақсы екен,

Бізге ... сол керек- дейді. Осы аты аталған бала өз тобына шығып, алақандарын жайып қарсы алуға дайын тұрған қарсы жақтың балаларның алдына келіп, қалаған біреуінің алақанына бір салып, өзінің тобы жаққа қарай тұра қашады. Алақанына ұрған бала ұрып қашқан баланы қуып, оны тобына жеткізбей ұстауы қажет. Егер ұстай алмаса, сол бетінде бірнші жаққа барып қосылады. Ұстап алса жетелеп акеп, өз тобына қосады. Өстіп, ойын жалғасып, енді екінші жақтың бастығы бірнші жақтың бастығына қарап:

Ақ терек, көк терк,

Кесіп алдым бәйтерек.

Таңдап алу еркіңде,

Бізден сізге кім керек. Дейді

Бірнші жақтың бастығы:

Көп таныған белгілі,

Барлық істе үлгілі.

Таңдап алсақ сіздерден... бізге сол керек. -дейді, осы аты аталған бала да, алдыңғы баланың істегенін істейді. Ойын осылайша жалғасып, бірнің баласын бірі ұтып, ақырында қайсы жақ көп ұтып алса, сол жақ ұтқан болып, ұтылған жақ өнер көрсетеді.

Ақ серек, көк серек

Бұл ойынға қатысушылар аттасу, ат жасыру арқылы екі топқа бөлінеді. Ашық алаңда ұл қыз аралас ойнай береді. аралары елу де алпыс метр қашықтықта екі топ қарама қарсы қарап тұрады. Екі жақ «қолға түсетіндер» үшін арнайы шеңбер сызып қойады. Ойын жеребе бойынша басталады. Ойын бастайтын жақтың басшысы:

Ақ серек, көк серек,

Бізден сізге кім керек? Деп сұрайды. Ал, қарсы жақ

-ай керек ау, ай керек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Ақ серек пек көк серек,

Шауып алдым байтерек.

Сонау тұрған...өзі керек, -деп қарсы жақтың ойыншысының біреунін сұрайды. Сонымен ол ойыншы келгенде қарсы жақтың ойыншылары түгел алақандарын жайып тұарады. Келген ойыншы қатардың алдынан кесіп өтіп өзін ұратын адам таңдайды. Топтың алдын үштен артық кесіп өтуге болмайды. Егер үш рет өткенде де ешкімнің алақанын ұрмаса, ол ойыншының өзі қолға түседі. Ойыншы өзін қуып жете алмайды ау деген біреуінің қолын ұра салып қашады. Жеткізбей өз қатарына барып болса қуғыншы «қолға түскен» болады.қуғыншы қуып жетсе, қашқан ойыншы ұсталады.

Ерзат БІЛІХАНҰЛЫ

6alash ұсынады