Жақында ҚазАқпараттың YouTube арнасынан танымал түрік музыканты Ирфан Гюрдалдың онлайн концерт берді. Назарларыңызға Ирфан Гюрдалдың орындауындағы қазақтың халық әні «Ағажай Алтайды» ұсынамыз.
Алтай топырағында сақталған сазды сағынышқа толы бұл ән қара орман қазақтың шерлі тарихының айнасы, асқаралы Алтайдан айрылып, қимай көшіп баражатқан елдің өкініші, зарының, алтын бесікке деген ұлы махаббатының гимні. Алпыс екі тамырыңды идіретін осынау ғажайып әнді түрік азаматының орындауы адамзат бесігі болған Алтайға деген, қазақ тарихына деген үлкен құрмет.

Бұл ән, ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында шыққан деген мәліметтер бар. Әннің шығу тарихы өте арыда болуы да мүмкін, өйткені «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасы кезіндегі қазақтың басына төнген қатерді жырлайды. Бұл – көп бұрмалауға ұшыраған ән, сөзі бірнеше рет өзгерген. Соңғы кездері бұл әннің мәтіні ең алғашқы нұсқасымен айтылып жүр. Әннің негізгі нұсқасы Өр Алтайда туған.


Ирфан Гюрдал – Түркия Мәдениет және туризм министрлігі түркі әлемі музыка оркестрінің жетекшісі, танымал түркі музыкасын зерттеуші, түркі музыкасы орталығының жетекші қызметкері.

Ризабек НҮСІПБЕКҰЛЫ

inform.kz

6алаш ұсынды