15-қыркүйек күні,  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әлімғазы Дәулетханның 80 жылдығына орай, «Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстанның жаңа тарихи мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, филол. ғ.д., профессор Матыжанов Кенжехан Сләмжанұлы мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, аға сарапшы,  т.ғ.к. Шашаев Әуезхан Қадыржанұлы сөз тізгінін ұстаған ғылыми басқосудың мәні бөлек еді. Коференцияға ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Билялов Дархан Нұрланұлы,   Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, филос. ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі Кішібеков Досмұхамет Кішібекұлы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі Смағұлов Оразақ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Бегманов Қасымхан, – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор., ҚР ҰҒА-ның академигі Көмеков Болат Ешмұхамедұлы,  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к., профессор Алдажұманов Қайдар Сейсенбайұлы, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Салғараұлы Қойшығара, белгілі ғалым Абайтанушы, филол. ғ.д., профессор Мырзахметұлы Мекемтас, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-зерттеушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы,   тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі Әбжанов Хангелді Махмұтұлы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор Әжіғали Серік Ескендірұлы,– Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор  Тоқтабай Ахмет Уалханұлы, Тұрсынхан Зекен – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті т.ғ.д., профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті т.ғ.д., профессор Сартқожаұлы Қаржаубай, Гарвард университетінің профессоры, PhD (АҚШ) Кенжеахмет Нұрлан, ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Жайлыбай Ғалым, ақын, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің бөлім меңгерушісі Ахмет Әділет қатарлы зиялы қауым өкілдері мерейтой иесін арнайы құттықтады.

Айтулы шара аясында ғалымның әріптестерімен бірге құрастырған «Шығыс Түркістандағы дүрбелеңмен өткен 40 жыл (1912-1952)», «Ұлылардың ұлағаты», «Шығыстың сөнбес жұлдызы – Дубек Шалғынбай»  қатарлы кітаптарының және аталған «Конференция материалдарының жинағының» тұсауы кесілді.

Тарихшы ғалым, мерейтой иесі өз атынан жас тарихшы ғалымдарға шәкіртақы табыстады.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к., Жұмаділ Арман Қабдешұлы мерейтой иесінің өмірі мен өнегелі істеріне арналған“Тағдырға бас имеген ғалым” атты бас баяндамасын оқып берді. Әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуазия ұлттық университеті, филол. ғ.к. Жылқыбекұлы Бекқожа «Шындық пен өтірік немесе Алаш рухының мұзбалақ мұрагері Әлімғазы Дәулетхан», сазгер, күйші, қазақ күйлерінің тарихын зерттеуші, Құрманғазы Сағырбаев  атындағы медальдың иегері Сәрсенбай Бүркіт ««Сары өзен»  және  «Долдыхан» күйлері туралы»; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры м.а., филол. ғ.д. Жұбай Орынай : «Мағжантанудағы соны белес»; Қазақ қыздар педагогикалық университетінің  профессоры, филол. ғ.д.   Зайкенова Руда  Зайкенқызы «Әлемнің саяси ойыншыларына қарсылық немесе Әлімғазы Дәулетхан тағылымы» ; әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы «XVIII  ғасыр басындағы  қазақ-жоңғар  қатынастарының  кейбір өзекті  мәселелері туралы»;  жазушы-публицист, Қазақстан Педагогикалық ғылым академиясының академигі, профессор Тоқашбаев Марат Бәйділдаұлы «Тарихтың  ақтұйғыны»; Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті профессоры, т.ғ.д. Халидуллин Ғизатулла Хаймолдаұлы «Халидуллин Ғизатулла Хаймолдаұлы»; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры, т.ғ.д., профессор «Нәбижан Мұқаметханұлы Орта ғасырдағы түркі – қытай мәдени ықпалдастықтары»; Қазақстан  Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі Сламхат Сейітқамзаұлы «Өтіп жатқан өмір ай аттай шауып...» тақырыбында баяндама жасады.

Ресми орындар, ғалымның замандастары, оқырмандары және  жақын-жекжаттары мерейтой иесіне оқалы тон жауып, сый-сияпат көрсетті. Бұралаң да бұрзасынды жылдарды бастан кешіп, Арғы беттен Қазақ еліне келген Әлімғазы Дәулетханұлының өз басының тарихы да Қазақ тарихының бір бөлегі деп баға берді ғалымдар.

Ғалымның мерейтойы аясында өткен ғылыми жиналыс түс ауа аяқталып, ақ тілектер легі сол күннің кешінде өткен той дастарханында жалғасты.