Өлеңді көп жазумен емес, өлмес өлең жазумен де өлшенетін түстары бар. Өлеңнің қас қара нары атанған Қасым Аманжол " Күніне мың ойланып, жүз толғанам, өлеңім өзімменен бірге өлмесін деп" бекер толғанбаған. Әншейін ойланбаған. Бүгінін емес ертеңін, келесі келісті келешегінің кереметіне ой үзатқан. Өзінің өлеріне , өмірінің кетеріне өкінбейді. Өлеңінің өнерінің өлуіне өкінеді. Соны өлтірмеуді , өркендетуді , болашақ өнер көкірегінің өрі мен төрін де өлмей өмір сүруін ойлаған. Келешек кереметіндегі тереңге бойлаған...

Жа, мен бұл жерде Қасым Аманжолды айтқалы отырғам жоқ. Қасыңның өлең шыңының төбесінен қүс аспас бйік , асқарлы шың. Оған орай берсе , келешекте айтып айғақтай жатармын.

Басқа екі ақынның екі тамшы өлеңін еске алып , естелігімнен тауып алып, естеріңізге ескертіп отырмын:

Кездерімде ісімнен түк өнбеген,
Тасқа түскен тамшыдай бытшыт болам.
Бытшыт болам да қайтадан буға айналып,
Жапырақтың бетіне шып- шып тамам.

( Тынышбай Рахимов)

Жаңбырдан жапырақтан домалаған,
Тамшыны елеп- ескеп алама адам.
Жерге сіңген сол тамшы жыила кеп,
Тас бастау боп шығады жаламадан.

( Жанатқан Түтқабекұлы)

Ақын жанды оқырман , мына екі өлеңді оқығанда ойларыңызға не келді, көздеріңізге қандай көрніс елестеді. Ішкі сезіміңіз не айты?


Ол- тамшы.
Иа, тамшы, тамшы болғанда да, жай тамшы, жадағай көрніс емес. Бір тамшы - тасқа түседі, буға айналады, айналып келіп , жапырақтың бетіне моншақ болып тамады. Бір тамшы жерге сіңеді , сосын жйналып , тас бастауға аналыды. Осы пизикалық қүбылыс - Тамшыдан таудайға үласқан үлағатты көрніс. Бөлшектен бүтінге , бүтінен бүкіл әлемге дән беріп, дамып бара жатқан ,бөгеу бермес берекеге айналады.

Ол да емес.
Үлкен қосылыс, мығым мық шегедей мықыны мықты мүқалмас берік біргіс, күллі әлемге қуат алып бара жатқан күрделі күш.

Әлсізден әлдіге , әлдіден әлемге қарай жыйналып барады, тыйянақтап барады. Бірден бірге , кішіден іріге қарай кірігіп бірігіп барады.
Аздан көпке, көптен көлге көз тойдырып барады. Үсақтан түсақа, түсақтан түтастыққа айналып барады.

Жа, бір ақыннан бір ақын да асып түседі. Бірінің ойын бірі сабақтап басып түседі. Арындап аршындап айғақтап, анықтап айтып барды. Бірінің ойын бірі толтырып толқытып толықтап барады. Даналықтарын саралап даналап , парықтап барады. Өлең өнер өрісінде бір- біріне жақындап барпды. Өнер жолы да табысып қабысып барады.

Бұл не?
Бұл арық, көтерем сүрақ.
Бұл- тамшыдан туған ой. Екі ақынның ойы. Екуі де тамшыны сыйпаттаған. Өлеңге , өнерге айналдырған. Кереметі осы жерде. Екуі де өлеіңді өлместей етіп өре білген. Тақырып бір.
Айтылар сыр бір , бір емес ештеңе жоқ. Екі түрлі айта білген, екі түрлі өре білген.

Иа, екеу де түйір тамшыдан ой қуған, тамшыдан сұлу ой туған. Біреуі керексізден керемет табады. " Жапыраққа шып- шып тамады".

Ал біреуі, Жерге сіңіп жоғалады да, қайтадан бірігіп қуат алады да, бірігіп жаламадан шығып жар толқын боп үрады.

Екуіндегі өзек біреу, ағар арна біреу. Ол - бірлес, бірік, нығай сонда ғана сені алар, сені басар күш болмайды. Тарыдай шашылма, бытырама, ыдырама, тарқама " Бірлік түбі- тірлік" деген ескі ережені тамшының біріккен күшті қуатымен үстеп қана түсіндіреді.

Иа. Үшкірлік, тәуба - екуі де, тамшыдан тамаша тағылым өреді. Мөлдір таза ақыл туады.
Қортқанда да , " Жарылғанды жау алады, бөлінгенді бөрі жейді" , "Бірікпеген еш қашан кірікпейді" , " Бөлшектенген бөлінеді, бөлек қалады" деген ата тағылымын тамшымен тамызып қана айта салғандай.

Тамшының тамырлы астарында бірігіп, толқыған ақыл өзені өлеңдете ағады. Әңгіменің өзегі елеусіз ғана тарыдай тамшыдан таудай тағылым табады. Тарыдан тамам ақылдың сырын тапқан тапқырлығы. Елеусізден ескеріп , есті де десті пікірді дестелеп жеткізген жетелі жері.

Ол да емес.
Үмітсіз үзіледі. Керексіз кесіледі. Торыққан тозады, топтасқан озады.Үмітті үһылемейді,Алжасқан азады, ақылды асады, тарыдайдан қүралсаң, тау боласың. Тамшыдайдан жыйналсаң , көл боласың. Бас- басыңа кетсең не боласың деп ойдан үшпақ аитады, сөзден пүшпақ жеткізеді.

Міне, тамшыдан тарамдап ағып , санаңа саралап жеткізген тағылым осы. Теңіздің дәмін тамшысынан біл деген де осы. Екі ақынның өлең көмейнен саулап ,төгіліп түрған көркемдік көкжиегі деген де осы. Енді ары айтудың, аршып талдаудың жөні де ,жосығы да қалған жоқ. Өлең қоржыны ойға тоқ. Жамандық жоқ, Ақылға ,арға қонып түр, сырға сұлулыққа бөгіп түр, жүмбаққа түнып түр.

Болат Бопайұлы
25.07. 1987 жыл. Ұрімжі қаласы.
Ескі естелік дәптерімнен.