Қазақ тілінің байлығы тіліміздегі атаулардың молдығынан көрінеді. Әсіресе, қазақтың тұрмыс-тіршілігінің негізі болған төрт түлікке қатысты атаулар ерекше көп. Малдың түріне, түсіне, жасына және басты ерекшелігіне, мінезіне қарап әр түрлі атаған халқымыз «Төрт түлік атауларын» бізге мұра етіп қалдырды. Алайда, дәуір озгеріп, төрт түлік малдың қазақ тұрмысындағы орыны төмендеген сайын, тілдік қолдансымыздағы атауларымыз да азайып барады. Бұзауды сирдың баласы деп атайын ұрпақ өскелі көне атауларымыз да көкеймізден көтеріліп барады. Сондықтанда, төрт түлікке қатысты атауларымыз шашылып жүрмесін, қолданылмай жүріп ұмыт болмасын деген мақсатта, төрт түлікке қатысты атауларды жинай жүрдік. Әрине, біз мұны оймыздан шығарғамыз жоқ. Білетінімізді, естігенімізді, көне көз қариялардың айтқанын, сондай-ақ сөздіктерден, зерттеушілеріміздің еңбектерінен пайдалана отырып жинаған жайымыз бар. Алдағы уақытта мұны әліде толықтап, ұрпақтарға оқулық ретінде кітап етіп бастыруды да ойға алдық. Бүгін сол «төрт түлікке баянның» бір парасын 6alash-қа ұысынып отырмыз.

СИЫР

«Сиыр бақтым-сидаң қақтым» (халық мәтелі)

Зеңгі баба − сиыр түлігінің пірі.

Құтпаны (құты; аталығы) − тынжы.

Сиыр − аналық мал.

Қаратыл − сиырдың жүйрігі.

Тынжы − асыл тұқымды сиыр (түйеде − жампоз, жылқыда − тұлпар, сирда − тынжы, қойда − құтпан).

Қатан − сиыр.

Бұзау − сиырдың алты айға толмаған төлі.

Баспақ − жасы алты айдан асқан төл.

Арда баспақ − бір жасқа таяған бұзау.

Дүбірән − тайынша бұзау.

Торпақ − алты айдан бір жылға дейінгі төл.

Наупаз, өгізше − сиырдың бір жас шамасындағы еркек бұзауы.

Тайынша − бір жасқа толып, екі жасқа жетпеген төл.

Қашар (жүгірме қашар) − екі жасар ұрғашы мал.

Бұқалақ − піштірілген еркек тайынша.

Тана − бір жас пен екі жас аралығындағы дене тұрқы өсе бастаған сиырдың ұрғашысы.

Құнажын (ақтамақ) − екі не үш жас аралығындағы сиырдың ұрғашысы (құнажын көзін сүзбесе, бұқа бұйдасын үзбейді).

Дөнежін − төрт жасар ұрғашы сиыр.

Тоң сиыр − қашып кеткен сиыр.

Қусақ − тұмса бұзаулаған сиыр.

Тоққара − ішті аналық ірі қара.

Байрығы − бірнеше бұзаулаған сиыр.

Кәшекі − сүтсіз сиыр.

Алакөнек − сүті кейде көп, кейде аз сиыр.

Мөшке − сүтті сиыр.

Саранау − сүтті сиыр.

Жылдым − ұзақ уақыт сауылатын сиыр; күйі ерте келіп, жиі бұзаулайтын сиыр.

Саулы сиыр − қысыр сауын сиыр.

Тайөгіз − бір жасар піштірілген мал.

Өгізше − екі жастан асқан, піштірілген мал.

Құнан өгіз − үш жасар піштірілген мал.

Дөнен өгіз − төрт жасар піштірілген мал.

Құр өгіз − піштірілгеннен кейін шаруаға, күш-көлікке пайдаланылмай семірген өгіз.

Кіременде − бас білгі өгіз.

Атан өгіз − ірі денелі, жасамыс, піштірілген өгіз.

Өгіз − сирдың екі жастан асқан еркегі, тарттырылса өгіз, тарттырылмаса бұқа делінеді.

Аршын өгіз − жүкті көп көтеретін көмпіс, сетерлеп баққан өгіз.

Бұқа − сиыр малының піштірілмеген еркегі; аталығы.

Бұқашық − бір жастан асқан, піштірілмеген еркек мал.

Қашақ − бұқаға тоқтамай, дамылсыз шағылысатын қысыр сиыр.

Қызыл бұзау− буаз сиырдың ішіндегі тумаған бұзау.

Шаңдақы − сиырдың, қара малдың тұлпары.

Қаратыл − сиырдың жүйрігі.

Бада (пайда) − топтап бағылған сиыр малы.

Сиырмен туыстас жануарлар: 

 

Қодас (сарлық) − сиыр түріне жататын жануар.

 Кәйнік − сиыр мен сарлықтың (қодастың) арасынан туған будан.

Тур − ертеде өмір сүріп, тұқымы жойлып кеткен бірі, жабайы сиыр.

Зебу − Азия мен Африкада мекендейтін сиыр сияқты, өркешті жануар.

Гаял − маңдайлы сиыр.

Гаур − үнді жабайы сиыры.

Бизон − қуыс мүйізділер тұқымдасының зубр туысына жататын жабайы сиыр; Америка жабайы сиыры деп те аталады.

Зубр − сүтқоректілер класы қуыс мүйізділер тұқымдасына жататын жануар (бизон тәрізді денелі бұл жануарды Еуропа жабайы сиыры деп атайды).

Буивол − жұп тұяқты, қуыс мүйізді, дала өгізінің бір түрі.

Кафр − Африка жабайы сиыры.

Енеке (анықа) − су сиыр.

Дайындаған Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ

6alash ұсынады