Сүмбіле – тамыздың соңы, қыркүйектің басы аралығына пайда болады. Қазақ халқы бұл айдың алғашқы жартысын “Лақ Сүмбіле”, екінші жартысын “Теке Сүмбіле” деп атайды.

Тамыз айында Сүмбіленің суы жүреді, сондықтан да қазақтар "Сүмбіленің суы жүріп пе екен?" – деп сұрайтын болған. Сүмбіле жаңбыры болып өткен жердің көдесінің түбі көк, малға от болады деп, жылқыны қыста сол жерге тебіндеткен.

Қазақта "Сүмбіле туса су суыр, Таразы туса таң суыр" деген сөз бар. Яғни, қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келеді. Жауын басталады. Сүмбіле жұлдызы туған шақтан бастап өзен-көлдердің суы ептеп салқындай бастайды. Сүмбіленің аспанда көрінуі елімізде қыстың алғашқы лебімен тұспа-тұс келеді.

Сүмбіле туған соң суда сүлік өле бастайды. Және "Сүмбіле туса сұмпиып, ат тойынар құнтиып" деген сөз бар. Бұл сүмбіле тууымен күн салқындап, жылқы баласына шыбын-шіркейсіз мезгіл басталатынын, әсіресе суда сүлік өліп, жылқылар жақсы жайыла бастайтынынан болса керек.

"Сүмбіле жұлдызы туғанда жарқырап,

Құлынның үлесін биеден тартып ап.

Ел қымыз ішкені,

Қаздардың қайтқаны,

Сол қайтқан қаздардан қыс сәлем айтқаны.

Жабырқап қалғаны аққудың құт көлі –

Жап-жасыл жайлаудың қызығы біткені.

Көтеріл, қыпшақтар,

Үй жықсын ұл-қызың...

Қолында өледі Сүмбіле жұлдызы."

(Олжас Сүлейменов, «Сен – менің кейіпкерімсің», Қадыр Мырзалиев аударған).

"Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет"

6alash ұсынады