Қытай өндіру-жасау кәсібі дүние жүзінің назарын аударды. Осылардың ішінде жуырда іске қосылған «Шяңгаң-жухай-аумын» алып көпірінің сілкінске қарсы төзімділік техникасы дүниенің алдыңғы қатарынан орын алды. Жалпы ұзындығы шамамен 55 километр келетін «Шяңгаң-жухай-аумын» алып көпірі ірі типті теңіз аттаған қатынас инженериясы болып, алып көпірдің іске қосылуы Гуаңдұң-Шяңгаң-Аумын шығанақ район құрылысын жебеу жонынен, бүкіл ел дамуы жонынен келелі маңыз алды.

Жуырда тілшіміз осындай ерен инженерияның зерттеу және жобалау жұмыстарының басы-қасында болған Гуаңжоу университеті инженерия бойынша жер сілкінсіне қарсы төзімділікті зерттеу орталығының зерттеушісі, аға инженер Өрлеухан Қисаұлымен алып инженерияда қолданылған озық техника және инженердің еңбектері жайында тілшілік өткізген болатын.

– Сәлеметсіз бе аға! Неше күннен бері, сізге қатысты, сіздің «Шяңгаң-жухай-аумын алып көпірінің жер сілкінсіне қарсы жобаға» қатысқан еңбегіңіз жәйлі түрлі информацияларды көріп біліп, сіздей мықты ағалармызға мәз болып, марқайып жатқан жәйіміз бар. Ендеше әңгіменің басын жақында іске қосылған дәл осы ұлы көпірден бастасақ, «Шяңгаң-жухай-аумын алып көпірінің жер сілкінсіне қарсы жоба» жұмысы қашаннан бастап істеледі, осы инженерияны жобалау барысында сіз қандай міндеттер арқаладыңыз?

– Мен 2010 жылы «Шяңгаң-жухай-аумын» ұлы көпірінің сілкініске қарсы төзімділігін жобалау міндетінің алдыңғы кезеңдегі зерттеу жұмысын үстіме алдым, бір жыл уақыт шамасында, мен «Шяңгаң-жухай-аумын» ұлы көпіріне үйлесетін «Сілкіністі жеңілдету және тосу» шара доклатын жасап, көп жақтың мақұлдауына ие болдым. 2011 жылы мемлекеттің түйінді инженериясы болған «Шяңгаң-жухай-аумын» ұлы көпір нысанының сілкінске қарсы төзімділігін жобалау және төзімділігін сапаландыру арнаулы зерттеу нысан міндетін ресмей бастадық. Жалпы көпір тұрғысынан алып қарағанда, «Сілкінсті жеңілдету және тосу» шарасы басты қолданған озық техника ретінде, көпірдің сілкінске қарсы төзімділігін жобалауда жақсы негіз қалады. Бұл көпір дүние жүзі бойынша теңіз үстінде салынған ең ұзын көпір болып, құрылстың қиындығы төтенше зор, «Сілкінсті жеңілдету және тосу» сынды осындай ылғары әдіс-амал бүкіл көпірдің сілкініске қарсы төзімділігін барынша арттырды. «Сілкінсті жеңілдету және тосу» жобасы бұрындары істетіліп жүрген дәстүрлі сілкінске қарсы шаралармен салыстырғанда, қарапайым жолмен қиындықты жеңе алған әдіс шара болып қаралды, яғни артық техника істетпей-ақ, бүкіл көпірдің сілкінске қарсы төзімділгін барынша арттыра алдық.

– Ірі құрылыстардың жоба міндетінен тыс, сіз және мәдени мұраларды жер сілкінісінен қорғауға қатысты зерттеу нысандарын да қолға алып белгілі натижелер жаратып жүргендігіңізден хабарымыз бар. Ендеше мәдени мұраларды жер сілкінсінен қорғаудың қандай маңызы бар? Ол қандай техниканы қажет етеді?

– Уынчуан зор жер сілкінісі кезінде, мен Ши-ан қаласында іс сапарда жүрген болатынымын, ол кезде, Ши-ан қатынас университеті мені сілкінске қарсы лекция жасауға ұсыныс етті, мен халықарадағы бір қыдыру жер сілкінсіне қарсы техникаларды таныстырдым, лекция майданында отырған Ши-ан бей-лин мұражайының шужиы соңынан маған мәдени мұралардың бүліну жағдайы ауыр екендігін айтты. Кейінтінен, біз бір қыдыру мұражайлардың апаттан кейінгі бүліну жағдайына тексеру-зерттеу жасадық. Мәдени мұралар еліміздің баға жетпес асылы, егерде бұлар бүлінетін болса, қайта қалпына келмейді, сондықтан мәдени мұралар біздің қорғауымызды аса қажет етеді. Көп ұзамай, менЕліміздің тұңғыш реткі байырғы мәдени мұраларды зерттеу нысанын ұйымдастырдым әрі осы зерттеуді ши-ан бей-лин мұражайындағы алғашқы топтағы 10 неше мемлекеттік бірінші дәрежелі мәдени мұраны қорғауға қолдандық, бұл нысан байырғы мәдени мұраларды жер слкінісінен қорғаудағы техниканың тың жолын ашты. Осы нысаннан кейін, мен еліміздің тарихи мәдени мұрасы мен адамзат өркениет мұрасын өнімді қорғауда еселі "Еңбек сіңірді" деген атаққа ие болдым. Соңғы кездерде, Бейжиңдегі гугүң мұражайы осы техникалық шараны гугүң сарайындағы мәдени мұраларды жер сілкінісінен қорғауға қолданды, бұл нысан кейінтінен, Қытай құрылыс нысанының сыйлығын еншіледі. Мәдени мұра тарихтың қалдырып кеткен асыл мұрасы, оны жер сілкінісінен қорғау басқада құрылымдық құрылыстарды жер сілкінсінен қорғаудан бөлекше. Мәдени мұраны қорғау әрі әсілгі бейнесінің бүлінуге ұшырамауына кепілдік ету өте маңызды, сондықтан біздің қолданған «Сілкінсті жеңілдету және тосу» техникамыз дәл осы қиындықты жақсы шешетін озық техника.

– Аға, оқу мағұлыматыңызға тоқталасақ, 2005 жылы сіз «Шетелде оқыған 1000 адам қатарындағы жоғары дәрежелі зиялы салауатымен» ел ішінде зерттеуші болған екенсіз, қазір Гуаңжоу университетынде зерттеушісі болып қызмет өтейсіз, ендеше арман қуып, білім іздеген шағыңыздан аздап әңгіме шерте отырсаңыз? Жер сілкінсіне қатысты кәсіппен қай кезде қалай араласып едіңіз?

– Өткен ғасырдың 80 жылдары қатынас қатты қолайсыз болатын. Мен Көктоғайдан Үрімжіге 3 күн автобусқа отырып, одан Үрімжіден поезге отырып 72 сағаттық жолды басып Бейжиңге әрең жететінмін, одан Дәлиенге бару үшін және 24 сағаттық жолды басамын, барлығы қатты орындық, кей кездері тікеден тік тұрып баруға да тура келеді. Толық курстегі кәсібім механика еді, өз арманым бойынша аспирант кезімде механика кәсібін жалғасты оқыдым. Механика кәсібі барлық кәсіп түрінің негізі болып қаралады. Менің аспирант кезімдегі диссертациям сілкінске қарсы туралы болатын, сонымен Жапония шығыс солтүстік университетынде докторлық оқыған кезімде сілкінсіке қарсы төзімділікті зерттеу саласында арнаулы зерттеулер жасадым.

– Жапонияда көп жылдар білім алдыңыз, ендеше сілкіністен сақтану саласында екі елдің артықшылықтарын қай жақтардан бағалайсыз?

– Қытай мен Жапония дүниедегі жер сілкінісі көп туылатын елдер саналады. Сілкіністен сақтану саласында екі елдің өз артықшылықары бар, жобалау идеясынан алып айтқанда, екі ел дүниенің алдыңғы легінде тұрады, әйткенімен, нақтылы техника мен әдіс-амал қолдануда Жапония бізден ілгері десем болады. Бұл біздің үйренуімізге татиды. Еліміздің шаруашылығының үздіксіз дамуына байланысты, мемлекетіміз апаттан сақтанып, апатты азайту жағындағы қосылымды барынша арттырды, алда бұл кәсіптің дамуы барған сайын жақсарады, еліміз тек ел ішіне емес, бүкіл дүние жүзіне орасан зор үлестер қосатындығына сенемін.

– Иә, аға, алдағы сапарыңыз тіпті де нұрлы, табысты бола бергей. Өз кәсібіңіздің биігінен көріне беріңіз, бүгінгі тілшлігімізді қабылдағаныңызға көптен көп рақымет!

Сұхбаттасқан: Айнұр Гіміңғазы қызы

6alash ұсынды