Қазыбек Бабаға зиярат, ұрпаққа ұлағат  
(ел қорғаған батыр, шіліңгір ұста, әйгілі зерігер Қазыбек Сәменбет ұлы туралы ғылми жиналыс және ас хақында толғаныс)
Үлкендер айтушы еді:
– Арқада Атасуға ат басын бұр, бабаңның кіндік қаны тамған…
Үлкендер айтушы еді:
– Қалба тауға зиярат қыл, Жәнекең (Жәнібек батыр) жатыр. Көкбектіден дұғасыз өтпе Қазыбек атаңның басы жатыр…
Ех, бір ауыз сөзі-бір тарих даланың абыздары-ай деші!  жалғанның жақсылығы ел мен жердің қадырыне жету мен аруақты разы етуден басталатын шығар-ау. . .
Я, тегіңді білмеу-тексіздік саналса, тегіңді білудің салмағы одан да ауыр-ау шамасы. Сол баба аруағына селкеу түсіріп алмайын деп, түйе тайлы тірлікте абайлап басып, өрге ұмтыласың. Былайғы жұрт, тектіден туған тексіз демесін деп, мақтамаса да, сүйінерлік іс қылуға тырысасың!
"Қазақ руға бөлінбейді, рудан құралады "деп кім айтып деі. Ұлттың тамыры-рудан бастау алады. Қазақ ұлтын таза сақтап келген ру екенін бүгін ғылым дәлелдеп отырмай ма. "мың қатын көріс айтса, әр кім өз байын жоқтаған "мына заманда, ұлттың жұмсының дені рудан басталып, ұлттық, мемлекеттік деңгейге көтеріліп жатқаны да рас. Қазыбек Сәменбет ұлы аясында істелген жұмыстарды да осы қатарда ауыз толтыра атаған жөн.
Жиылған қауымның «Қазақ тарихы тағы бір тұлғасымен толысты» деп тебірене тілге тыйек етуі орынды. Қазақ тарихының дені жер мен елге байланған. Соның ішінде тарихи тұлғалар-қазақ тарихының алтын өзегі. Қайсы бір аңыз, тарих заманының заңғарларысыз өрбімейді. Біздің бүгінгі әңгімеміз Қазыбек сәменбет ұлынан басталуы сонан.
2022-жылдың қыркұйек айының соңғы күндері дүйім жұртты Қалба таудың бөктеріне, Көкбектінің алабына жиған Қазыбек Сәменбет ұлы әйгілі зерігер, шіліңгіз ұста, ел қорғаған батыр ретінде тарихи деректер мен әрхивтерде есімі қалған аса көрнекті тарихи тұлға. Көкбекті ауданы және Қазыбек зәузәттәрінің ұйымдастырмен өткен ғылми канперецияға тарих ғылымдарының дөктөрі, ағартушы, ғалым Жамбыл Артықбаев, тарих ғылымдарының дөктөрі, ағартушы, жазушы Тұрсынхан Зәкөн ұлы, әлкей Марғұлан атындағы тарихи вениюерситеттің қызметкері, зерттеуші Серікбөсін Сыдықов және обылыстық, мемлекеттік газет, теле арнадан журналистер, Көкбекті ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Қапар ұлы Теміржанов, Тассай ауылының әкімі Ержан Мәзібәев, ауданның мәдениет саласына ерен еңбегі сіңген зерттермен, журналист Қайрат Малгаждар ұлы қатарлы қаламгерлер мен Қазақстан, Қытай, рэссей, Түркия және Еурөпәдағы Қазыбек ұрпақтарынан 300 ден астам адам қатынасты.
Қазыбек Сәменбет ұлы (1705-1785. Орталық Қазақстан Атасу өңірінде туған) хақындағы құнды деректер Қытай әрхивтері, фотанин жазбаларынан арт-артынан табылып, ол ксінің тарихта батыр, дефломат, айтулы зерігер болғанын тіпті де жанды дерктермен растай түсті. Әсіресе, Қазыбек бабаның мәңгілік тұрағы, Зираты жөніндегі дерек, XIX ғасырдың бас кезінде сызылған «Омбы әскери өкругінің ірі масштабтағы әскери-топографиялық кәртәсі» көмегімен шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкжайық ауылдық өкругі жеріндегі Жүзағаш бекеті жұрты тұсынан ағып өтетін бұрынғы Көкпекті өзенінің сол жақ қабағынан табылып, нұр үстіне нұр жауды.
Қазыбек ата ұрпақтары 2017-жылдан бастап аруақты бабаның ізін деректей бастаған болатын. Орал Тәйкенұлы, Өрлеу Оразханұлы, Жансерік Мәултұлы бастаған жастар жағы архив ақтара жүріп, төңіректі шарлады. Алғашқы адымда деректеді. Сағым суретін сыздырды. Бабадан қалған тәбәрік мұраларды жиды. Содан бері Алматыда және Астанада осы ұлағатты жұмыс жөнінде ақылдасу, басқосулар болды. 2019-жылы Алматыдағы бас қосуда ауыл ақсақалдары Көбен Асқарұлы, Құрман Нүкейұлы, Дүйсек Азанұлы, Таласбек Керымбайұлы бас болып, ақ батасын берген еді. Ізденістер үрдісін тапты. . Елімізге танымал ғалымдар Жамбыл Артықбаев, Тұрсынхан Зәкөн ұлы, Серікбөсін Сыдықов қатарлы мамамандар арнаулы мақала жазып, мемлекеттік деңгейдегі түрлі басылмдарда жариялады.
Баба басына бастайтын жол: Абай облысы Көкпекті ауданынан 50 шақырм. Тассай аулына бұрылатын түйілске орналасқан. Астата Зайсан күре жолы бойында. Жолға 4 шақырм. Ескерткіш тас пен Зират арасы 3500 метр. Тассай аулына 17шақырым.
Қазыбек баба туралы жұмыстар 2021-2022-жылдары қарқынды жүрілді. Бабаның зәузәттәрі болған ұрпақтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды. Әсіресе, Қалихан Сұлтанғали ұлы бастаған бір бөлім азаматтар ерекше күш шығарды. 2021-жыл тамызда Қазыбек баба басына айбынды (ұзындығы 7 метр, салмағы 13 тонна, жалпақтығы 1. 25 метр, қалыңдығы 80 сантиметр) ескерткіш тас қойылды. Осы барыста, Қалихан ағаның жұбайы Пазила Өнерхан қызы жұмсшылармен бірге болып, ас-су дайындап нағыз келіндік боршын өтеді. 2022-жылы қоршау, жасылдандыру жұмстары істелді әрі бейт басындағы бұрынғы белгі тас жаңадан жасалып қойылды. «Қазыбек Сәменбетұлы» атты кітап баспадан шықты.
Елеусіз Сүлейбек ұлы «Қазыбек ер баба» атты тамаша ән шығарды. Енді міне, атамызға ас беріліп, арнаулы ғылми канпереция ашылды. Осы барыста Абай обылысы Көкбекті ауданы әкімдігі және Тассай ауылындағы атқа мінер азаматтар ерекше қолдау көрсетті. Атамызға ескерткіш тас қоиюға арнаулы жер берді. Қазыбек Сәменбетұлының өмір баян, тарихын аудан енсиклөпедәйсіна енгізді.
Қазақ тарихында, әсіресе қолөнер тарихында үлкен орны бар Қазыбек Сәменбетұлының Абылай ханға мөр жүзік жасағаны туралы дерек бар. Бұл туралы да ғалым, дөктөрләр іздену үстінде. Қазыбек атамыздың шебер де, місекерлі қолынан шыққан, бабаның көзіндей болып бүгінге жеткен білезік, жүзік тағы басқа бұйымдар ұрпақтар арасында сақталып келеді.
Ғлми жиналыста, Жамбыл Артықбаев Қазыбек есімі, әулеті және оның елеулі Еңбектері, ерлік, шеберлік істері потаниын жазбаларында жиі кездесетінін айтса, Тұрсынхан Зәкөнұлы Қазыбек Сәменбетұлы Қытай әрхивтері, әсіресе Шиын патшалығы жазбаларында көптеп аталып, "Жылқыға Жібек саудасында" ерекше көзге түсетінін айтады. Онда Қазыбек және оның ұлы Бекмырза дефломат ретінде жазылған. Қазыбек Абылайханның сенімді серігі, топқа салар батыры әрі темірден тұйын түйген зерігер, ұстасы болған. Ал, серікбөсін Сыдықов Қазыбек бабаның жатқан жерін тұрақтандырудағы ғылми дәлелдерді көрсетті.
Абай обылысы Семей қаласынан келген ағартушы, ғалым Мұқаметқазы ақсақал Қазыбек Сәменбетұлы туралы шежірелік және жерлік деректерді айта келіп, алғысты көңіл күйін де қоса жеткізді!
Зерттермен Марат Ғинаятұлы, Таласбек Керімбайұлы да Қазыбек баба төңіргінде мақалалар оқыды. «Қазыбек алқасы» төрағасы Асхат Нұрқабденұлы жиыналыс соңында, көпшілікке алғыс айтумен қатар істелген жұмыстарды, енді істелуге тисті жұмстарды атап өтті. Басқосуда шебер бауырымыз Қуанышбек Рахман ұлының қолынан шыққан керемет домбыралар сыйлы қонақтарға тарту етілді. . .
"Тас түскен жеріне ауыр "дегендей Көкбекті жерінде өткен дабыралы шараның салмағын Көкбекті ауданындағы ат үстіндегі азаматтар мен сонда Қонстанып, іргелі ел болған Қазыбек ұрпақтары көтерді. Әсіресе, Әскербек Мұқатай ұлы (асқа жылқы атады), Кенжебек (Қажы) қабдұлұлы (асқа сиыр атады), Дастан Разбай ұлы, Еркін Жәнібек ұлы, Күләй Аймақ қызы және Тоғжан апай қатарлы туыстарға ерекше алғыс айтамыз!  ал, іс-шарада қазыналық жұмсты мүлтіксіз атқарған Бөке Нұрдоллаұлы, Қайырболат Шәукейұлы, тынымысз қызмет еткен өрлеу Оразхан ұлы, Серікнұр Абдырахманұлы, Сағынбек Батанұлы, Бағжан Нұрсатбекұлы, Асхат қаукерұлы, Өмірұзақ Мәуленбайұлы, Жарқын Қасымұлы, иүсып Біләйұлы, Ерлан Көбенұлы, Нұрболат Беженқанұлы,Ақытбек Шеризатұлы, Нұргүл Қайноллақызы, Жәйна Бошайқызы, Алма Қасымханқызы қатарлы ұл-қыздарына, келіндеріне ел-жұрт, баба аруағы Риза. . . .
Көкбектіде өткен дабыралы басқосуда ғалымдар мен аудан әкімияті, баба ұрпақтары Қазыбек Сәменбетұлын обылыс және мемлекеттік деңгейде қаралатын мәдени мұралар қатарына енгізу, келешекте көше, ауыл атын беру мүмкіндігіне ие етудей ұлы арман арқалап әрі сол арманға жетуге ниет етіп тарасты!
О, баба текті болып жаралдың да,
Сәменбеттей данадан нәр алдың да!
Жауға да, дауға мықты, оң қолы өнер,
Бірдей болған қара мен хан алдында.
Жылқсы кілең шұбар көк жақұттай,
Қаражер қайысатын табанында.
Ғасырдың бедері анық белгісіндей,
Бір той өтті Көкбекті алабында.
Тарады жұрт,
Бірақ та, бір қимастық,
Қалып қойды қалба тау жанарында…
Қуаныш Ілиясұлы  
2022. 09. 30