«Тұғырылхан-Оң хан» корпоративтік қоры Қазақ тарихындағы ақтаңдақтарды жамау мақсатында «Қазақ тарихындағы ру-тайпалардың тарихы» сериясымен шежірелік-деректік 100 томдық кітап шығаруды қолға алды.

Бұл туралы бүгін Елордада осы жоба аясында жарық көрген  «Құлтайболат шежіресінің» тұсаукесері рәсімінде қор басшысы Асылхан Игібаев айтты, деп хабарлайды 6alash.kz.

«Бұл кітаптарға қазақ тарихына байланысты бұрын-соңды жарық көрмеген тың деректер енгізілді. Шетелдегі қандастар арасында сақталған мәліметтер топтастырлды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы даламыз сан алуан өркениеттер мен мәдениеттердің куәсі. Еліміз алып құрлықтың батысы мен шығысын, күнгейі мен теріскейін жалғаған тоғыз жолдың торабында орналасқан. Біз бір кездері Ұлы Түркі қағанатынан мирас болған түркі тегімізді сақтай білген халықпыз. Бүгінгі түркі жұртының теңдессіз жетістіктері сол дәуірлерден қалыптасқан ұлы мұралармен тығыз байланысты», - деген еді. Жалпы шежіре, ұлт-ру, тайпа тарихы – атаны білу, арғы тарихты білу болып қалмастанұлттың ұлт болып қалыптасуы жоллындағы бастан кешкен сан қыйлы оқиғалары мен ауыр дағдырынан да мол дерек береді. Шежірем-тұтас халық тарихының іргетасы ғана емес, ұлт пен ұлыс танудың әліппесі саналады», - дейді Асылхан Игібаев.

Оның айтуынша, «Құлтайболат шежіресі» осы үлкен жобаның II томы. Шараға,  жазушы Жәди Шәкенұлы, тарих ғылымдарының докторы, жазушы-тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлы, сондай-ақ басқа да қаламгерлер мен баспасөз өкілдері қатысты.

«Ертеден келе жатқан халықтардың бәрінде де жеке отбасының, әулеттің, халықтың, жеке тарихи тұлғалардың шежіресін жасау, оны өткен тарихтың таңбасы ретінде кейінге қалдыру дәстүрі болған. Айталық, Білге қаған, Күлтегін ескерткіші, Тоныкөк тасы, «Моңғолдың құпия шежіресі», Рашид ад –диннің «Жамиғ ат Тауарихы» т.б ғұламалар шежіресі сынды талай дүниелер бар. Қазақ тарихының құрамдас бөлігін құрайтын ру-тайпалар тариы тұтас ұлыттың өткен-кеткенінен дерек беріп қана қоймай, бүгінгі ел болудың түп тамырын бұтарлап көрсетеді. Сондық бүгінгі жарық көріп отырған «Құлтайболат шежіресі» – бір әулеттің шежіресі ғана емес, қазақ халқының бастан кешкен тарихының бір парасы есептеледі.  Кітаптың өткен аптада Алматыда қаласында тұсауы кесілді. Алматыдағы 26 кітапханаға ғылыми иниституттарға таратылды. Бүгін міне Астанадағы орталықтандырылған 18 кітапханаға таратылды. Бұл қарлығаштың қанатындай болсада тарихқа болашақ ұрпақтың игілігіне қосылып жатқан үлес деп білемін», дейді Жәди Шакенұлы.

Айта кетейік, шежірені жинап баспаға шығаруға атсалысқан Шыңғысхан Жайырұлы және Өмірбек Көкенұлы.

Ризабек НҮСІПБЕКҰЛЫ

6alash ұсынады