1. Ұзақ жүру. Кей қарттар көп жүрсе денсаулыққа пайдалы деп есептеп, күніне 6 шақырым жүруді әдетіне айналдырады. Шын қуғанда бұл буынды зақымдауы мүмкін. Жасы ұлғайған кісілерге күніне 3-4 мың қадам жол жүру жеткілікті. Сондай-ақ тез жүрмей, шаршағанда демалып отыру керек.
  2. Ұзақ түрегеп тұру. Ұзақ уақыт түрегеп тұру аяқтың қан айналымына кері әсерін тигізеді. Көбінесе мұндай жағдайда көктамыр түйіледі. Әсіресе қаны қою, даблениесі жоғары, қант диабеті бар қарттар ұзақ уақыт түрегеп тұрса қан айналысы нашарлап, инсульт алуы мүмкін. Сондықтан жасы ұлғайған кісілер 20 минуттан артық түрегеп тұрмағаны абзал. Әр күні кеште аяқты жылы суға малып отырған жөн.
  3. Ұзақ отыру. Үлкен кісілердің көпшілігі теледидар көргенді, шахмат ойнағанды ұнатады. Бір орында тапжылмай отырғанда сүйектің кеміктенуін жеделдетеді. Көп отырғанда мойын омыртқасы ұзақ уақыт бойы қозғалмайтындықтан, бас аурулары мен мойын омыртқа ауруларына оңай кіріптар етеді. Сондықтан үлкен кісілер жарты сағат сайын қозғалыс жасап тұруы тиіс.
  4. Ұзақ уақыт жату. Көптеген қарттардың қан айналымы жақсы емес. Ұзақ уақыт жатқанда тері қанталап, еті ойылуы мүмкін. Жатқан уақыт ұзарған сайын бұлшық еттер құрысып, іш қату қаупін тудырады. Егер науқас себебінен ұзақ уақыт жатуға тура келгенде терінің тесіліуінен сақтану керек. Мұндайда жел бөстекті төсенішті пайдалануға болады.
  5. Ұзақ уақыт тесіле қарау. Қарттар көзін көп демалтпаса, көздің қарауытуы, құрғауы, көру қуатының зақымдалуы, көзде сары дақтың пайда болуы сияқты жағдайларға тап болады. Сондықтан теледидар көріп, газет оқыған кезде 20 минут сайын жанарды тайдыру немесе көзді жұмып, 5 секундтан соң қайта ашу керек. Әдетте көбірек кірпік қағып, көз бұлшық етін әрекеттендіріп отырған жөн. Сондай-ақ көз жанарын айналдырып, жоғары, төмен, оңға, солға қарап жаттығу жасау керек.

6alash ұсынады