Қазақты қаралаған қандай қатын?

Жеңіс Ырсханұлы


(Қадірменді оқырман ең алдымен «Қара жорғаны» терістеп, қазақты қаралаған мына бейнебаянды көріп тыңдаңыз, мақала осы жазбаның авторы Әмина Құрманғалиқызының көзқарасына жауап үшін жазылды)



Ең алдымен әдепсіз тақырып қойғаныма ғапу өтінемін. Өйткені, «Сасыған етке борсыған май» деп қазақты қаралаған Әмина Құрманғалиқызына осындай тақырып қойған оң секілденді.

Бес мың жылдық жазба мәдениеті бар Қытайдың мәдениет қоры терең, қаймағы қалың, қатпары мол. Сосында Жапония, кория, ветнам, тіпті, ұлы британия, франсұз, орстарға дейін өз тарихның, түрлі құндылығының дерегін қытайдан алп толытағанын тарих ғылымның бір арнасы екенін әлем біледі. Қытай тарихи жазбаларында «Қара жорғаға» қатысты мынадай деректер жазылған. «Қытайдың таң дәуіріндегі «Шинжяң билері» деген кітаптың 2-том, 310-бетінде «Таң хандығы дәуірінде «Жылқы биі, тосыт күйі» атты мозика болған. Таң, хан патшалығы кезінде орта қытайға батыс өңірлерден Көптеген жылқы кіргізіледі. Осыған байланысты таң дәурінде шинжаяңда көп таралды»,-деп жазылған. Сол кітапта жәнеде «Таң патшалығының жаңа тарихы» деген кітаптың шығыс тармағында ұзынды келтіре келіп: «Ол кездегі мозика аспаптарынан сыбызғы, барабан, көп түтікті сбызғы, били, табақты қоңырау болса, билерден «Жылан», «Арыстан», «Жылқы», «Арқан» билері де бар. Жартас ескерткіші-тарих, етнография, архилогия, филосопия, дін, би өнері, мұсын саласында өте бағалы зерттеу материялдарымен қамдайтынын есті пенденің барлығы біледі. Қазақстандық тарих ғылымдарының дектөрі, еуразия университетінің прафецоры, жазушы тұрсынқан зәкүннің 2012-жылы Алматы «Алаш жолы» баспасынан жарық көрген көк түріктердің тарихынан сыр шертетін «Мәңгі тас» атты романның 330-бетіндегі «Қара жорға» деген тараушасында таң патшалғынан түрік елінің қағаны қапағанның қызына құда тұсып келген құдаларды күтіп алу салтын былай жаздады: «Табағаштар – Өлкенің салқын сабат ауасымен тынстап, ет жеп, қмыз ішіп, өздері ала Келген қымбат шараптарын түріктерге беріп, арқа-жарқа болып қалды. Түрктер олардың құрметыне үш жерден от жазғып, дабыл қағып, шың тартып, қара домбырадан күй төкті. Не бір апай тос жігіттермен бура санды бикештер ортаға шығып, бұлшық еттері бұлтылдап «Қара жорға» биледі. Қытайда «Қара жорға» мемлекеттің бейзаттық мұрағаттың ең алдынғы қатарында қазақтың атында жазулы тұр. Мемлекет қаражат босатып мұрагерлерін белгілеп ақы беріп қорғап отыр. «Қара жорға» тайхтан бері қазақтың қуанышы мен, сұйнышын, шаттығы мен шалқуын бейнелеп Рухани әлеміміздегі айырлмас құндылық болғаны қашан? әминә Құрманғали қызының аяқ астынан осы бір мақтан етер құндылғымызға шабуыл жасағаны «Бар сенген байталға қасқыр шапқанның» дәл өзі болды.

Анау көп ми қатырып жазып, онан кескін қосып дыбыспен әрлеп көрсеткен бытпырақта: «Қазақтың билемегені намыс емес, билегені намыс» депті. Қазақтың әдеп-ибасын дұрстап айтып келіп «Қара жорға билеуді» «Әдепсіздік» деп соғыпты. «Қазақты арғы қазақ, бергі қазақ» деп Бөліпті. Бергі қазақ арғы қазақтың тамырынан көктемегенде орыстың екпе тергінен көктеді ме? әминә қаралап жоққа шығарғанның жөні осы деп «Қазақтың тарихында үш ғасыр қойнауында қазақ биледі дегенді кезіктірмейміз» дейді. Неше мың жылдық жартас суреттеріндегі «Қара жорғаға» билеген суреттерді, архилоктардың осы жөніндегі еңбегін бірақ сызып тастамақшы ма? оның табынары затайвч атты орыс екен. Әминәнің ойынша Затайович зерттемесе қазақтың әні қаран қалатын көрінеді. Құлдық санадан құтыла алмаған ол орысқа әлі жалтақтайды екен.

Кешеден бері әминә Құрманғали қызының «Қара жорға» жөніндегі жоққа шығаруы мен қаралауын тыңдап мазам май ішкендей болды. Мен ғана емес есті қазақтың барлығы. Аудандық ән-би үйірмесіне жауапты болып «Қара жорғаны» мемлекеттік бейзаттық мұраға кіргізуге күш салып, оның бұқаралық мәдениеттегі үлкен жетстігіміз деп дүние алдында, басқа ұлыттар алдында таңдаулы мәдениеттің қоры етіп мұратына жеткіздік деп жүрсек мына ұлттық қаны сұйық, жүрегі орыс деп Соғатын, қандасын жау көретін әминәнің әлеуметтік желіде таратқаны Қытайдағы қазақтың шамына тиді. Қазақтың таңдаулы мұрасын жеңілтектікпен жоққа шығарғаны еркісіз тіл тақта тықылдатуға әкелді. Әминә Құрманқали қарындасымыз от басындағы білімі бу, сауаты су біреу болса, бір топ адамның алдында көкіп отырса онда түснуге болар еді. Бірақ, білмейтіні бит ішіндегі зиялы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі ; кино, әдеби сыншының қаламынан туындап, оны әлде бір қазақты қаралағысы келген дұбара кескіндеп дбыс беріп әлеуметтік желіде тартқаны жан-жүйемізге тиіп мимымды мияулатып жіберді.

Сөзді сөз түртеді, ойды ой түртеді. Менің жеке басыма соқтысқса онда мұндай қиналмас едім. «Ит үре береді, керуен кете береді» деп елемес едім. Мынау тұтас қазақ ұлтын жоққа шығарып отырғанына қаным қайнады. Әминәні шын көріп қандастарын жау көретін көзқарасты қабылдап өз мәдениетіне күмәнмен үрке қарайтын қатерлі идейәнің басы қылтиып тұрғанына ашуланамыз. Ұлы абай: «Біріңды қазақ бірің дос,Көрмесең істің бәрі бос» дейді. Сегіз миноттық шағын видио кескін де «Қара жорға» қазақта болмаған, Қытайдан келген қазақтардан көрдік, оны қайдан тауып жұр? қазақтың жүз бір әнін жинаған Затаевич неге би жөнінде айтпаған? тарихи материялдарда неге «Қара жорға» жөқ!? деген секілді көкмелерін таратыпты. Біз басқаны айтпай ең алдымен оның идейәсінә үңілейік. Оның ойынша «Моңғол, қалмақ, иғуанның нәрсесі, қазақтар билемеген» дейді аузы-мұрны қисаймай. Оның «Қара жорғаның» өлеңіне айтқан сөгісін құп алайық. «Қара жорға» әсілі күй. Оның ән сөзін мерей тұрдақын ұлы 2005-жылы жазып Қажмұрат Шешенқұл айтып шыққан. Ел мозикасы үшін, қанымызда бар болғаны үшін, ән сөзінің тойларға бейімделгені үшін лап етіп кең таралды. Той біткен «Қара жорғасыз» болмайтын болды. Бала күнімізден бастап домбырамен де әкәрдиөнмен де, басқамен де «Қара жорғаға» билегеміз.

Би-ішкі көңіл күймен, дене әрекетінің тоғысуынан туындаған, әсем әуенге қосылған көркем қимыл. Сонау ықылым зманынан Бастап адамзаттың күйініші мен сұйыншы, алғысы мен қарғысы, қуаншы мен қайғысы, шаттануы мен шалқуы, кектенуі мен көңілденуі бірде ән болып, бірде күй болып, бірде сурет болып, бірде би болып дүниеге келген. Сан ғасырлық даму барсында адам баласына барлық көркөмөнер саласы ортақ қалыптасқан. Өйткені, адамның тілі, нәсілі, ғұрып-әдеті, сенім-нанымы оқсамағанымен бірақ адамның сезімі жүрек лұпылы оқсас. «Биі болмаған» билеуді білейтін адам пендесі болмаған шығар? қалыпты есі бар пенденің барлығы, уахабистык идеяға уланғаннан басқа қалыпты пенденің барлығы билейді. Арафтар әуелі кіндігін ашып бөксе биін де билейді. Еншеде биі болмаған ұлытта ұлыста жоқ. Әминә Құрманғалидың сөзі бойынша болғанда қазақта «Би болмаған, би біздің дәстүрімізге жат, оны» тапқан екен. Оның бұл сөзінде қазақ еліне барған қандастарды қорсну, кемсту, барлық жақсы нәрсені Орстан ғана күтудей тоғышар идейәнің жетегі айпара болып тұр. Ол үшін затаиюч болмаса қазақтың әні де болмақ емес. Міне құлдық Сана. Шеттегі қандастарда мәдениет жоқ, орыста ғана бар дейді. Мұндай қазақи қаны сұйық, жетпіс жыл рухынан, жан дүниесінен айырлып орысқа жалтақтаған бейшоралығына жаның ашиды. Мүсіркей қарайсың.

Жеті жылдың алдында сыртқы істер минстыры болып жүрген мәлмдемеші әйелдің: «Шеттен келген қазақтардың сәуиәсі төмен, тіл білмейді, сапа жоқ» деп соққаны бар еді. Оның ойынша барлық нәрсе орыстың сөзінде ғана тұр екен. «Арқа жақсы болса арқар ауып несі бар» деп заман тініш болса қазақ байырғы мекенінен ауарма еді? ел болған соң онда алада-құлада болады, қазақ еліде сол секілді. Кейбір елдегі «Байтал тұр ғой бас қайғы» болып жүрген тардай шашыраған қандасын құтқарудың орынына оған мін тағуы не жосық?!

Дүние жұзы қазақтарының 4-құрылтайына 33 елден уакіл қатынасты. Құрылтайда талқы болды. Европадан келген бір әйел талқыда алдымен сөз алып: «Ел дейді, мені жүрегі зыпыл-зыпыл қақты, мен казакті жақсы көреді» тіліміздің біт-шыт, рухымыздың да біт-шыт екенін сонда көрдім. Әр таудың бұғсы,Тіл табысуы қиын. Жазу әрбімізде әр алуан. Бізді «Қазақ» деген «Зыпылдаған» жүрегіміз ғана тоғыстырып тұр. Әр елден келгендердің Қытай мен Моңғолиядан басқаларының тілі шұбар, жаны жасыңқы. Ал ираннан, Ауғанстан жақтан келгендермен тілдесу мүмкін емес, олар парысша сөйлейді. Естумызше олардың басым көбі сол елдің азаматы да емес, босқын екен, сай-саладағы байлардың малшы-жалшысы болып әйтеу тірі жүр дейді. Сол жат ел, жат босағада тентіреп адамдық ұқығының өзі әрең кепіл болып жүргенде онан не білім сауия сұрайды? тентіреп барған бауырының хал-жайына қармай, сынап-мінеп, орсша білмегені үшін менсінбей мұрынын шүйіре қарау адамдыққа жатама? ! Қытайдан барған қазақтар сол құрылтайда еңселі тұрдық. Өз тіл жазумыз, баспамыз, ахпаратымыз, газет-журналымыз, мектебіміз бар екен. Өзбекстандағы қазақтарда азаматтығын «Өзбек» деп жазғанын, онда «Мәдебиет жұртынан» басқа ештеменің жоқ екенін көрдік.

Әминә Құрманғали қызының қазақтың тұнық сақтаған мәдениетін орыстың көзімен қарап Жоққа шығарғанына не күлермізді, не жылармызды білмеген едік. Мәңгүрттескен әлгіндей ышнаралардың қазақтың салты бойынша қыз беріп, келін түсіріп той жасауды да бертінде бастағанын қайдан жасырайық. Олардың кейбірі әуелі қазақтың оию-өрнегін жатсынады. Осының барлығына олар кінәлі емес заманың солай болды. Бірақ, кейбір қазақтар сонда таржол-тайғақ кешумен өзін құтқару үшін барды, босқа бармады, өзінде бар мәдениетін ала барса оған жат көзбен қарау барып тұрған бейшоралық. Оны қолдауы, қорғауы, жалғастыруы, үгттеуі керек-қой. Қазақ еліндегі 99 прәнсент жерлік қазақ қандастардың бір елде болуын, көбеиюін, мәдениеттің толықтануын қуана-қуана қарсы алады. Елбасының да ойы осы. Ал ана әминә Құрманғали қызы секілді аяғының астын ғана көретін, асқан өзімшілдер ғана қызғана қарайды. Жоққа шығарғысы келеді. Шинжяңнан барған қазақтардан дүниелік өперәдән қара үзген Майра мұхамет қазақ елін әлемге танстыруда қаншама рол атқарды? әлемдік бөкіс шемпиөні қанат исылам бұлғары қолғаптан Қазақ елін әлемге танытуда қаншама Еңбек етті? әйгілі күйші секен Түрсбекте, халық жазушылары қапдеш жұмаділ, алаштың ардақты ақыны жәркен бөдеште, жүрек отасының маманы жасында, әкедемиік дукен масұмқанда, жазушы Тұрсұнхан зәкүн де, ақын алмас Ақыметбекте, Ермұрат Зейіпхан, айтыс ақны қайрат құлмұқаметте Т Б лардың барлығы құрдан-құр барды ма?!

Ел болады екен онда биде бар. Богенайы бөлек «Қара жорға» қанымызға сіңген. Абилай хан ордасы, Алтын ордадағы хандар мен уәзірлер билемеді ме? бойында жаны бар адам билейді ғой. Әминә айтқандай затайвуч айтпаса, маркополо жазбаса онда ол жоқ нәрсе ме? күн көсем жол сілтемесе қазаққа күн жоқпа еді? айытты-айытпады сырмақтың оиюы, қазақтың биі, тіпті, қазақша «Құран кәрм» кітабына дейін ең алғаш сует топырағына халипа алтай аударып апарып Қонайовке табыстаған жоқпа? ! наурыз мерекесінің өзін мұхтар Шахан көлбинге өтініш етіп жүріп әрең қалпына келтірмеді ме?! ол шамданатын нәрсе емес, түсінстікпен қарайтын нәрсе.

Әминә Құрманқалидың Айтуынша: «Бұрын қазақта жоқ нәрсені қабылдамаумыз керек» екен. Онда ұшаққа шқпасын, ғимаратқа отырмасын, қолфон алмасын, телвзөр көрмесін, кәстөм кимесін.
Қазақтың ас-су мәдениеті, тері илеу мәдениеті, би мәдейті, ән мәдениеті, кигіз үй мәдебиетінің қаймағы қалың, қоры мол қордалы да ордалы мәдениет. Дүниеде дамған ұлттар өз мәдениетін толықтап, құрап, жамап, архлоктар арқылы қазып бүтіндеп дүние мәдениетінің қорына өз таңбасымен апарып қосып отыр. Ұйғұрлар «12 мұқамды» алауыз болмай бір ниетте бола отырып дүниелік бейзаттық мұраның қатарына қоспады ма? тпті, Құмал аймағында «Құмыл мұқамын» зерттеп арнаулы ғимарат салып, мекеме құрып, 30 қанша мұрагерін мұқаммен айланысатын етіп орналастырып отырған жоқпа!? «Қазақ хисаларын» дамытып ұйғырларша бір ниетте болсақ дүниелік безәттық мәдниетің қатарынан орын алар еді. Ақындар айтысмызда жақ-жақ болып дүниелік бейзаттық мұрғаттар қатарына қосыла алмай жетімсіреп жүр.

«Қара жорғаның» ең алғашқы сөзін «Күлдіргінің көкесі» атты Магнитфон таспасын шығарғанда «Ақ тілек» дбыс-кескін орталығындағы манат сертәйдің қаржыландырумен, Жолдыбек сұралған ұлы мозикасын жасап, Морилық әнші ұйсып некей ұлы ән етіп айтып әзіл ретінде мен қосқан едім. Онда «Қара жорға болмаса бидың сәні келмейді, қара жорға болмаса тойдың сәні келмейді» деген сөз өзек еді. Екі жылдан соң мерей тұрдақын ұлы оны өзінше озгертіп «Жаңа әуен» дыбыс-кескін серікітгі мидиын жасап «Той-думан» атты тойға арналған мөзикалардән аудио, видио таспаларын шығарған. Сол Қажымұрат Шешенқұл ұлының орындауындағы нұсқа өте кең таралып, сахарадан сахынаға көтерілді, мемлекеттік би пестуалы сахыналарында да жүлделі болды.

Бәркөл Қазақ Автономиялы Ауданыы құрлғанының 50 жылдық мерей тойында 500 адам тұңғыш рет «Қара жорғаға» биледі. Әрине, қара жорға күйне. Ол кезде сөзі қосылмаған. Сонда көптеген қарттар көзіне жас алған. Басқаны білмейміз тек Баркөлдің бөктеріндегі алып малта тастардан, ойтаудағы жартастардағы суреттерден «Қара жорға» билегендерді Тауып алуға болады. Әйгілі зерттеуші, шинжяң қоғамдық ғылымдар журналының бас редакторы ясиін құмар ұлы бұл жөнінде арнаулы зерттеу Еңбекгінде жазған. Аз болмаған жартас жазулары мен суреттерден нақтылы дерек тапқан. Осының барлығын қайырып қойып ғылымға жат сөзді аузы өзімдікі деп соға берген қазақтан садаға кеткірге не дейміз?!

Мерей тұрадақынның «Қара жоға» дағы сөзінде кемістік бар болғанымен бірақ, заманға, той шаттығына кәрі-жастың қуанышты көңіл-күйін бейнелеп тұрғанын да айта кеткен жөн. Әминә Құрманқали қызы сол сөзді «Тарихтан қалған» деп түсініп отыр. Түсінбей тұрып, бүге-шігесін білмей тұрып білгішсігені масқаралық. Әминәні «Сыншы» дейді? осындай үлкен нәрсеге ат ұсты қарағанынан ақ оның қандай «Сыншы» екенін білдік. Орыстың анау-мынауының сөзін айбар етіп құрама мақаласымақ жазатын, жүрдім-бардым бірдемелер айтатын, ғылымға ұстырт қарайтын, ғалым емес нағыз ықтай жалдап, елді алдап жүрген залым екені айдан анық болып тұрғаны жоқпа? ! әминә зиялы болса, Қазаққа күйінер адам болса дәстүрін таза сақтаған ағайынның ала барған мәденитіне алақайлай қуануы керек еді, мақтаныш етуі керек еді. «Затайвучты» құдайдай көрмес еді. Оның айтуы бойынша болғанда біздің нені айтумызды, нені билеумізді, ненің бар жоғын тағы бір орыс белгелеп беруі керекпе?

Жазушылар одағының мүшесі қандай болу керек, ең алдымен адам болуы, онан соң өз елін сұиюы, ұлтының мәдениетіне құрметпен қарауы, оны дамытуға үлес қосуы, қаламын әділет, шындық, шынайлық, ғылымилыққа қарай сілтеген адам болуы керек. Әминәнің жазушылар одағына қайтып мүше болып жүргенінен де күмәнданіп қалдық. Ол қазақ тариыхынан біраз адамдарды біледі екен. Сол білімін қазақтың мәдениетін бүтіндеуге, жинақтауға істетпейме? көп атыс көрген арқардай елең етіп жалтақтап үрейленіп үркіп ата жұртқа барған қандасына жау болмай жол көрсетуге жұмсамайма? басқаға жағымпазданған қалақшны өз ұлтыда, бағыншты етіп тұрған зор ұлтта жақтырмайды. Жамұқаны ұстап апарғанда Шыңғысхан оларды неге белін Опырады? өйткені ондай адамдар өзіне де өзгеде жақпай далада қалады. Мұны адамгершілік тұрғысынан бар адам біледі.

Көшіп барған қандастар әминәнің нанына ортақ болмады, өз еңбегімен өмір сұрды. Бойындағы иманы, қолындағы өнерімен, маңдай терімен ұрпағын жалғап келеді. Қандас емес шешенді, кәрсті, орсты, хұйзуды, Әзербайжанді, сигандарды да. Құшағына сиғызған қазақ еді ғой. «Қара жорғаны» жоққа шығарғаны қазақты жоққа шығарғаны, әминәнің басқа ұлттарға «Қазақта түкте жоқ, тауда малмен бірге мал болып жүргенде жуып-шайып орыс адам еткен...» деген отарлау идейәсін бастауштан бойына сіңірген адам екені, онан әлі арыла алмай жүргені айпара болып қалды. Әминә Құрманқали қызы тұтас қазақтан кешірім сұрту керек. Бұл бөйте берсе, Әбунасыр алфараби бабамыздың қазаққа қатысы жоқ, домбыра басқа үлттікі, оию-өрнек қырғыздың дүниесі, кигіз үй мөңғолдыкі, қымыз-шұбат тәтәрдікі, тері илеу техникасы өрстікі деп соғатын секілді. Ал әминәнің айтқаны дұрыс болсын дейік, соңында ол не ұтады?  Бәлкім Қытайдан барған кей қазақтың батырып айтқан шындығына шамданған шығар. Оны мақала етіп жазып таратып өзгеше көзқарас айттым деп қазақты қаралағаннан басқа емес. Ол бүйте берсе «Қазақтың байырғы жеті тапқырлығын» да жоққа шығармақшы. Ол өзі қазақ емес қазаққа жау көзбен қарайтын басқа біреу секілді. Қазақтың мәдениеті мәйлі кімде болсада қабылда. Оны сақтап бергені үшін рахмет айт! «Жеті қаған» Дастанын қырғыздың дүниеге әйгілі манасшысы жүсіп мамай айтып беріп қазаққа қайтарғаны бар ғой.

Сәлтиков шедриннің дүниеге әйгілі «Бір шаруаның екі генерәлді асырауы» атты ажуа әңгімесі бар. Дүниеден бос қалған даярға-маяр екі генәрәл ен аралға барып қалады, олар: «Ағаштың басында бір-бір шыны көже өсіп тұрса» деп армандайды. Олардың ойынша екеуін сөзсіз бір малай күтуі керек. Көженіңде қайдан істелетінін білмейді. Сол екеуіне ал бір шаруа кезігеді. Шаруаның ойынша «Оны бір қожайын басқаруы керек, соларға жалға тұрып жан бағуы керек, қожайнының айтқаны бойынша істеп жан Бақпаса басқа жол жоқ» «Сасыған етке борсыған майдай» болып олар кезгеді, ана екеуі малай тауып алғанына, ал шаруа қожайын тауып алғанына қуанады. Әминә Құрманғали қызы анау шаруаның сыңары екен. Оны орыстар басқаруы керек екен. Нені ойлауы, айтуы, билеуін орстар айтып бермесе есеп емес екен.
«Рухани жаңғыру» дегенді әминә Құрманғали білмейтін болса керек.

Қанқұйлы гитлер аса зерек, милы, шешен, білімді, бірақ сол білімін жауздыққа істеткен, әминә да азнаулақ оқығанын қазақты дамтуға жұмсаса ғой, етектен тартуға емес.

Қазақ рухи жан дүниесіне жау болып уахабистык көзқарастыңда шеті қылтиды. Қап-қара бұлмен тұмшаланатындар шықты. Олар жайында жүрмей ұлттық салт-дәстүрді жоққа шығарып арафтастырмақшы болды. «Беташар» да сәлем салуды да қате деп «Адамның басы құдайға ғана иылуы керек, мынау аллаға шерік қосқандық» деп соқты. Екі жарымдағы балаларына дейін бүркейтіндер кезікті. Мозика тыңдамайтын, ән айтбайтын, суретке, кескінге түспейтіндер шықты.

Жұмыр жердегі бір уыс қазақты жерлік қазақ, сырттан келген қазақ, Орта жүз, Ұлы жүз, Кіші жүз, қожа, төре, байырғы қазақ, жаңа қазақ деп бөлсе, бырымызды-бірмыз шетке қақсақ «Ісіміздің барлығы бос» болмайма?

Сейт кенжеақметтің «Қазақ болғым келмейді» атты Сатиралық шығармасын өте жылы қабылдадық. Ол қазақтың кейбір мәңгүрттерін аямай шенеген. Европа мәдениетінің мәйегі болған швецериялық журналис «Қазақ болғым келеді» деген әйгілі мақаласын жазды. Онда қазақтардың әдәмгершілігін айтты, бүкіл әлемге үлгі деді. «Біз ізгі қоғамды армандап сол үшін жанталасып жүрсек, қазақтар сол баурмал, ізгі, жарасымды, етене қоғамға баяғыда барып алыпты, қазақтар сендер біздің техникамызды үйреніңдер, бірақ, қара жүрек, өзімшілдігімізді үйренбеңдер» деп жазыпты. Өндірісте озық елдің өзі қазақтың құндылығына тамсанып отырса, ал мына қазақтан жергеннің бас бұзарлығына не Дейміз?

Тілден бұрын би шыққан, бишлерге бидің тарихын зеттеушілерге «Бұрын қазақта би болмаған» деші? аузыңды күн шығстақ қаратып көзңді көкшите қояр еді. Әминә Құрманқали қызы үндемей жүре берсе болар еді, өзінің жаны Орыстанып, жүрегі орыс деп соғатынын, қандасына жау көзбен қарайтын дұшпандығын сездіріп алды. Осындай азған ұрпақ көбейе берсе не болады? қырымдағы секілді «Дауысқа салып» рэссейге қослуға ұпай жинайтынның дәл өзі ғой.

Қырғызда, моңғолда «Қара жорғаға» таласты. Неге? негесі құнды нәрсе болғаны үшін. Ақындар айтсын дүниелік бейзаттық мұраға қазірге дейін жақ-қақ болып кіргізе алмадық. «62 қоңырда» алауыздықтан жайында қалды, пендешілік қосылды, тірі ауторлар ұялмай «62 қоңырға» шығармасын кіргізді, Соңында үкіметтің қаражатын «Қалам ақы» етіп алуда талас туылды да «Битке өкпелеп тондарын итке тастады» айтарлықтай басталған шаруа аяқсыз қалды. Ішінен іріп зерттеушілер бір-бірімен жауласып шыға келді. Еліміз «Қара жорғаны» мемкеттік бейзаттық мұраға» Кіргізіп қорғады. Әминә сол қытай ағайындардай да болмады ғой?!

Арыстан ақсақал бойында бар қазақ дәстүрін, мәдениетін жеткізіп таратып отыр. Әрине марапаттауға татиды. Ресейден әкеліп орыстың кәлбәсәсін сатып отырған отырған жоқ. Қазақтың көркөмөнерін көрмөөнер болғанда бұқаралық мәдениетін сармайдай сақтап ата жұртқа алып барды. «Арқар атқанның алты күдік талтаңы бар» деп қоржындап көп құндылық ала барса мақтануға тиіс.
Сөз жярымызды айтсақ:
– Бірңды қазақ бірің дос,
Көрмесең ыстың бары бос,
– Өзіңде барды басқа ұрып, артылам деме басқадан... - деген Абай атаның данлығымен сөзмді ақырластырмақшымын.

Авторға түсінік:

Қытай жазушылар одағының, Қытай аз ұлыт жазушылар одағының, шинжаң жазушылар одағының мүшесі, Құмыл аймақтық жазушылар одағының орынбасар торағасы, шинжаң әдеби сын қоғамның, шинжаң драмма қоғамның, шинжяң фолколор қоғамның мүшесі жеңіс Ырысхан ұлы 1968-жылы жүөгө шинжаң ның Баркөл ауданында дүниеге келген. Шинжяң федегогикалық үнуерститетін тамамдаған. 1990-жылдан бастап қолына қалам алған жеңіс Ырысхан ұлы қазірге дейін «Қызыл тікен» (әзіл-сықақ әңгімелер мен пөуесттер), «Ақ семсер» (әзіл-сықақ әңгімелер мен фелятондар), «Алстан меңгеру» (сахыналық сайтралар), «Қызл жебе» (фелятондар), «Қазіргі қарға мен түлкі» (балаларға арналған Сатиралық шығармалар), үш томдық «Томпақтың кешірмелері» (балаларға арналған Сатиралық роман, «Тыйаншан әдебиет көркөмөнер сыйлығын» еншілеген. 1-кітабы қытай тілінде жарық көрген) атты кітаптардың авторы.

6alash ұсынады