Ішік — қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны елтіріден, сеңсеңнен, әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады. Ішік тігілетін терінің түріне қарай: елтірі ішік, сеңсең ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік, пұшпақ ішік, орман ішік, жанат ішік, бұлғын ішік т.б. деп аталады. Ішік тігетін теріні шел майынан, көк етінен арылтып алған соң ашыған айран жағын илейді. Тері әбден иі қанғанда ирекпен тарап, қолмен уқалап, керіл-созыл жұмсартылады.

Суеттегі мына ішіктің 110 жылдық тарихы бар. Қазір Қытайдың Баркөл ауданында.

6alash ұсынады