Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы – қазақ халқының ғұлама ғалымы, қара үзген шипагері, 15-ғасырдың ұлы данышпаны, медицина ғылымының негізін салушылардың бірі. 1388-1478 жылдар аралығында ғұмыр кешкен, оның өмір кешірмелерін айту үшін алдымен өзі жазаған «Шипагерлік баянға» тоқталуға тура келеді.

«Шипагерлік баян» - қазақ мәдениетінің асыл мұрасы, ұлтымыз тарихында сирек кездесетін, ұлы ғылымнама, ол тек шипагерлік жағынан емес, дәрігерлік, биология, тіл ғылымы, мәдениет, тарих, мінездеме ғылымы (психология), кеңестік ғылымы (астырономия), салт-сана ғылымы, тағы басқа жақтан қыруар білім, құнды мәлімет беретін асыл қазына.

«Шипагерлік баянды» Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шамамен 1458 жылдардан бастап 1472 жылдар аралығында Әз-Жәнібек ханның жарлығымен ханның ақордасында арнаулы сарайда жазған екен. Бірақ ол өз дәуіріндегі діннің шектемесі, надандық пен қара түнек қоғамның кедергі болуы, әрі Әз-Жәнібек ханның өлімі себебінен баспа бетінде жарық көре алмай 5 ғасырдан артық уақыт құпия сақталған.

Жасы 85 тен асқан болсада өмірінің соңына дейін, «Шипагерлік баянның» баспа бетінде жарық көре алмауы, қолжазба бойында қалғанына қатты өкінген ғалым:
Ой, дүние-ай! іске аспады,
Арманым қаран қалды,
Шың басына шығарда арандалды.
Өтейбойдақ қойыпты атымды әкем,
Жаман ат, жаман ырым мазамды алды,
Қалмады ұрпақ Өтейбойдақ аяндалды,
Мені өшірмес шипалық баян қалды.
Бұда менің ұрпағым жөн білгенге,
Тілкімменен жалғасқан баян қалды. - деп ол менен ұрпақ қалмасада күндердің күнінде, мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ, бұл сұңғылықтар қадырын біліп ұстанса қанғысыз бұлақ, қадырын білмесе от басы аяқпен тозатын тулақ деген екен.

Халқымыз осы асыл қазынаны 1994 жылы желтоқсанда тұңғыш рет Шинжияң ғылым-техника баспасы жағынан басып таратылып, Өтейбойдақ атамыздың асыл арманы орындалды. Қазақ мәдениетінің биік шыңы болған «Шипагерлік баян» дүниені дүр сілкіндіріп, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандай бүкіл ел халқын қуанышқа бөледі, 1997 жылы ұлыттық істер комитеті жағынан 3-кезекті Қытай ұлыттық кітаптарды бағалауда 1-дәрежелі сыйлық еншіледі.

Ал өзімізге бұзылмас заң болып қалыптасқан, осы күнге дейін жалғасқан 7 атаға дейін қыз алыспау дәстүрімізді Өтейбойдақ атамыз тапқырлап, ғұлама ғалым Әз-Жәнібек ханға бұлтартпас заң ғылым бекітіп, былай деп ғылыми түсініктеме жасапты: 7 атадан аспаған адамдарда өз руларынан қыз алысқанда қан уылмалық көп күріледі, туған бала зерек болмайды, тұқым қуалайтын ауыру екенін, тіпті ұрпақтың сау денелі болмауыда мүмкін. Сондықтан қол, көз, мұрын, 7 (сегізінші) атадан асқан адамдар ғана өзара қыз алысып құдаласпағы шарыт. Отыз-қырық ата араласа ұрпақ ақылды болмақ, сырт елден қыз алса ұрпағы өнерпаз, зейінді, аңғарымды болмақ, сондықтан қанымызды таза сақтап, сапалы ұрпақ қалдыру үшін 7 атаға дейін қыз алысуға болмайды – деген, егерде заң-жарлыққа бойсынбағандар болса атқа сүйреп немесе ерлі-зайыптылардың басын алып, сол кезден бастап қатаң атқарылған, сол 7 атаға дейін қыз алыспау асыл заңымыздың арқасында осы күнге дейін таза қанды жақсы ұрпақ болып қалудамыз.

Өтейбойдақ атамыз бұдан басқа шешек ауыруының екпесін (ваксинасын) ең алғаш ойлап тауып халықты, қызылшадан, шешектен аман алып қалған, суық жүріске қатаң тыйым салған, тұңғыш рет адам мүрдесін боршалап, сыртқы және ішкі 12 мүшесіне ат қойып шыққан, дененің сусыздануы қанның қоюлануын тудыратынын, су жетіспегенде адам өміріне қауып төнетінін, судың адам денесіне кем болса болмайтын анықтап көрсетіп берген. Бір жылды дәл 12 айға бөліп сол айда туылғандарға мінездемелік сипат беріп отырған. Тағы басқа көптеген ғылым-білім зерттеп артқы ұрпаққа қалдырып кеткен.

6alash ұсынды