Студенттер мен ақ жағалылардың көбі кеште жай жатып, ертесі сыйыр түске дейін ұйықтауды әдетке айналдырған. Дегенмен, мұндай әдет денсаулыққа зиянды. Әсіресе, әйелдерге зиянды. Ұлыбритания мамандарының зерттеу нәтижесіне қарағанда, тәңертең жай тұратын әйелдердің омырау рагына шалдығу қатері біршама жоғары болады екен. 

Бристоль университетінің зерттеу ұжымы 230 мың әйелдің денсаулық жағдайына талдау және сараптау жүргізген. Сараптауға қатынасқандардың ішінде 120 мың әйел омырау рагына шалдыққан. Зерттеушілер барлық қатысушылардың ұйықтау және тәңертең орнынан тұру әдеті, ұйықтау уақыты, ұйқысы қашу сияқты мәселелерге тексеру жүргізген соң, түнде жай ұйықтайтын әйелдермен салыстырғанда, ерте ұйықтап, ерте тұратын әйелдердің омырау рагына шалдығу қатері 40 пайыз төмен болған.

Бас зерттерушы Ребекка Ричмонд доктор мынаны атап көрсеткен: зерттеу қорытындысы қанша көп ұйықтаса, сонша жақсы болуы нағайбыл екенін дәлелдеді. Іс жүзінде, әйелдердің ұйықтау уақыты 8 сағаттан асып кетсе, артық ұйықтаған әр бір сағатта омырау рагына шалдығу қатері 20 пайыз артып отырады. Ричмонд доктор күні бойы қызметпен және үйренумен қарбалас жүретін әйелдерге демаліс уақытын өзгертіп, ерте жатып, ерте тұруға әдеттенуді, омырау рагына шалдығудың қатерінен барынша сақтануды ескертеді.

6alash ұсынады