Ақын Талапбек АЗАНБАЙ   ҚХР-ның Шыңжаң, Алтай аймағы Алақақ өңірінде дүниеге келген. Үрімжі Кәсіптік Кәдірлер университетінің Экономика басқару мамандығын оқыған. Шыңжаң көлеміндегі түрлі басылымдарда поэма көптеген өлеңдері жарық көрген. Жазба ақындар мұшәйрасының жүлдегері.

Қазақстан Республикасында шығатын Газет-Жорнал, әдеби басылымдарда өлең, поэма-дастандары жарық көріп оқырман қауымның жақсы ықыласына бөленген.

Ақынның қаламынан шыққан «Баһадүр Ботақара», «Аққаптал», «Қарагер», «Көкжалдар Жортқан Құбажон» дастандары, «Бабалармен Сырласу», «Далалықтың Дауысы», «Ақордам», «Қайрау», «Көкжал ақын немесе бір шумақ жыр» қатарлы Лирикалық поэмаларының орыны бөлек.

Қазақстан жазушылар одағы  өткізген республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегері.

«Қазақ мәдениетінің қайраткері» медалының, «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалының,  «ҚР мәдениет және өнер саласының үздігі» медалының, «Қазақстан авторлар қоғамы», медалының, Халықаралық «Таңжарық» әдеби силығы медалының иегері.

«Қазақстан Республикасының Құрметті Азаматы» Энциклопедия еніп 1- дәрежелі Дипломмен мараппатталды.

Қазақстан Авторлар қоғамы және Халқаралық «Таңжарық» зерттеу қоғамының мүшесі.

«Жүректен мың бір тіл қатып…» атты өлеңдер жинақтың авторы.

 

КӨКЖАЛДАР ЖОРТҚАН ҚҰБАЖОН

( Тарихи дастан )

ӘЛҚИССА

Тіккен күмбез ғаламға шатыр-аспан,

Десекте біз, адамбыз ақылы асқан.

Көз алдыңа келеді өткен күнің,

Шертсе күй ғып шежіре ғасыр-дастан.

Кешір өлең қалсам тек мазағыңа,

Бір басыма жетеді азабымда.

Жетегінде қиялдың кезіп әлем,

Жырдың қайнар шабытым қазанында.

Қия бассаң алдың жар, ұра-қорым,

Кейінгі ұрпақ шын сырын ұға ма оның.

Жер кіндігін сілкінтіп көкжал бабам,

Жортып өткен тұлпармен құба жонын.

Іргең дұшпан болған соң жат жаныңда,

Бұйырмаған әрине тақ дарынға.

Қан майданда қан кешіп толарсақтан,

Көз шырымын алған ең ат жалында.

Желкілдетіп айдарын тұлымды ұл,

Талай өмір кетіпті-ау құлын-ғұмыр.

Өткен тарих бетінде қансыраған,

Ақтар енді айтпаған сіріңды бір.

Тынысынан білетін егіз демін,

Қайран баба өзіңді неге іздедім.

Ой жетпейтін қиялмен қыр-сырыңа,

Түпсіз терең шыңырау, теңізбе едің.

Қызыл-жасыл дүние-ай мың құбылған,

Көрінсең де биік құз, шың тұғырдан.

Кеше барлар бүгін жоқ деп айтамыз,

Бірақ ондай емесін кім ұғынған?

Қарап кейде тұлғамен зер-мүсінге,

Сүйсінсеңде әз баба ер күшіне.

Біле алмадың дұшпанды дос деп санап,

Тығып келген қанжарын жең ішіне.

Сақ, үйсіндей, қаңлы мен ғұн бабамыз,

Ары жатыр емес бұл мұндағы аңыз,

Көктүріктің болған соң біз ұрпағы,

Енді айтылып келеді шын бағамыз.

Сорғалатып көзден жас ғасыр өткен,

Менменділік басталып басы дертпен.

Содан кейін текті елін батыр бабам,

Дүбірлетіп тұлпар мен қасына ерткен.

Бүгін бойда тұрғанда сенім-күшім,

Елу ме деп ер жасы керім, мүсін,

Өткен тарих ақтардым шежіреңді,

Саған халқым  бір дастан  беру үшін.

Ұлың да алып болған соң, қызың да алып,

Дүбірлеткен түркі боп біздің халық.

Көкжал бабам жортқан тек құба жонмен,

Тарихтың келейін ізін шалып...

1 – БӨЛІМ

 

САҚ ПАТШАЙЫМЫ - ТҰМАР ХАНЫМ (ТОМИРИС).

ТАРИХИ ДЕРЕК:  Сақтар ( Сақалар ) - б. з. б. 1 - мың жылдығында орта Азия мен Қазақстан  аумағын мекен еткен ежелгі тайпа.

Тұмар ( Томирис ) : ( ж .ж .с. д. 570-520 ) - күнгей Түркі, Сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген әйел патшалары ның бірі, Массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханышайымы. Себебі Грек жазбаларында оның елін "Массагет" деп атайды. Тұмар ханыша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы- Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі " атанған Парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж. ж. с д. 558 - 530.) Орта Азияға басқыншылық жорық пен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптеген әскерін Арақыс ( қазырғы Сыр дәриә) жағасында ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңіуімен тікелей байланысты.

Көтерсеңде әділет туын үстем,

Кім бар бүгін өлместің суын ішкен.

Он сегіз мың ғаламды жаратыпты,

Құдіретті бір Алла ұлы күшпен.

Берсе Тәңір ақынға шын дарынын,

Жазып жырды, ән қылып шырқар ұлың.

Алла ұлы тек ғана бар ғаламды,

Қауызына сыйғызған бір тарының.

Данышпанбыз дей алман дана бізді,

Түсінерсің болса егер санаң ізгі.

Жаратыпты жан беріп топырақтан,

Адам ата алғашқы бабамызды.

Бүлдірседе қызыл тіл, дау араны,

Бізді қайтып ағайын жау алады.

Қыиқыметті Алланың атамыздың,

Қабырғасынан жаратқан Хауа ананы.

Содан ұрпақ тараған ғасыр аунап,

Пенделіктен салсада басын аулақ.

Неше толып, дүние неше солып,

Өң беріпті қайтадан жасыл аумақ.

Қанша миллион білмейміз жыл өткенін,

Тоқтатсада сан алып жүрек демін.

Жалғап дәстүр бабадан кейінгі ұрпақ,

Жүргізбеді дейсің ау кім өктемін.

Сақ, ғұн, үйсін, түркі боп қаңлыменен,

Жекпе жекте шегініп қалды кімнен.

Тұлпарменен атойлап аттан салып,

Жаудың шебін ойран ғып салдың бірден.

Бұл заманнан бұрынғы мың жылдықта,

Талай тайпа өтіпті құлшыныпта.

Сақтан қалған деректер тарихты,

Тоғыстырар әкеліп кіл шындыққа.

Кенже қалмай туылып сәл өмірден,

Келген бақыт бұл қолға әрең бірден.

Үлкен ұлы іс қайтадан бас қостырып,

Түркі болдық санасып әлем білген.

Ақын жазса жүректен шығар жалын,

Кейінгі ұрпақ содан тек ұғар бәрін.

Сақ тайпасын қаратып бір өзіне,

Патша болып атанды Тұмар ханым.

Дарыны бар бойында төзімді ақыл,

Елмен жұрты алатын сөзін мақұл.

Сол дәуірде әйелден билік құрған,

Ханшайым еді жау жүрек өзі батыр .

Әйел патша болсада, тұңғыш ханым,

Қарсы келген қалтырмай бір дұшпанын.

Орта Азия, Пәкістан, Қазақстан,

Солтүстігін билепті Үндістанның.

Кейде соғыс берседе ер бағасын,

Қалың елдің қостырмай жең-жағасын.

Кир бастаған қалың қол Парсы әскері,

Жаулап кірді Сақтың бір кең даласын.

Көсем еді ханышайым керім мүсін,

Бойға жинап әділет сенім күшін.

Өліп кетсем деп бүгін жауға атанды,

Жаным пида тек менің елім үшін.

Жауын жеңбес білген соң жуырда анық,

Қынабынан қылышын суырды алып.

Өткел бермес толқыны жағаны ұрып,

Сыр дария жататын буырқанып.

Келді дария жау қолы жағасына,

Сен кімсің деп дұшпаның қарасын ба?

Қанға тоймас парсының Кир патшасы,

Олда әскердің бар еді арасында.

Томирис деп естіген атын біліп,

Көрмеседе бетпе-бет жақын тұрып.

Жарлық шашты еліне ханшайымды,

Егер жеңсем алам деп қатын қылып.

Жеңемін деп күшіне сенген батыр,

Ала қоймас кеңесіп елден ақыл.

Тойымсыздық асқынған жүрек барда,

Сан мың қолмен самсыған келе жатыр.

Қалың әскер сап түзеп дабыл қағып,

Бөгеу бермес өзендей ағылды анық.

Келді Сырдың бергі жақ жағасына,

Жау көрінді ар жақтан сағымдалып.

Өткел бермес дәриә жатқан ағып,

Жау іргеде дегендей сақтан халық.

Айламенен бер жаққа өткізіп ап,

Парсы әскерін жоймақшы аттан салып.

Екі жақта шеп жайды қосын тігіп,

Шыға ма деп кім білсін тосын қылық.

Деді ханым өліспей беріспейміз,

Бұл шайқаста ел-жұртым осыны ұқ.

Батыр елмыз жаралған дара құздан,

Қара мысық өтпеген арамыздан.

Қалсын сасып көмусіз жау сүйегі,

Осы байтақ шыға алмай даламыздан.

Түсте ауып, күн қиып бесін өтті,

Батырлар тұр сап дүзеп есіл текті.

Қара қорым сан жетпес жау әскері,

Дәрияны бері қарай кесісіп өтті.

Сырдың ыстық ми қайнап тақыр белі,

Күңіреніп үрей ден жатыр елі.

Томиристің бір ұлы Спаргапис,

Жас болсада жау жүрек батыр еді.

Дарияны жау өтті кешіп тұрып,

Тағдыр жазған соғысты несіп қылып.

Кир патшасы жағаға аз әскерін,

Тастап кетті өлімге бесік қылып.

Жасасаңда жарқ еткен айдан мүсін,

Жаудың құрған білмессің майдан ішін.

Айламенен жасаған тозақ отын,

Спаргапис шынымен қайдан білсін.

Күн еңкейіп барады бесін ауып,

Ұясына күн кірер кешін тауып.

Спаргапис алғы шеп жауға атанды,

Маған жұртым қыласың несін қауіп.

- Деді батыр енді елім алаңдама,

Бүгінгі бір жеңіс тән маған ғана.

Аманатқа тастаймын ел-жұртымды,

Атамекен, туған жер саған дала.

Жауға атанды батырлар түн жастана,

Пенде білмес боларын кім масқара.

Қайран жерім, қайран ел деп аттанған,

Дәл өзіңдей жау жүрек тумас бала.

Білмеседе ғажайып сырыңды аспан,

Шоқ жұлдыздар жамырап жымыңдасқан.

Меңіреу түн мелшисе, үрей билеп,

Түз аңдары үрпиіп қырын қашқан.

Әр жерден жау, от жаққан жарық қылып,

Кім екенін білесің танып тұрып.

Садақпенен білдірпей атты жебе,

Қастарына жақындап барып тұрып.

Қылыштарын суырып қынабынан,

Аттап өтті тұлпармен ұра-құмнан.

Қоршап тұрып мерт қылды жау әскерін,

Бірін тірі шығармай тұрағынан.

Ащы дауыс,  ұлар-шу,  айғай-аттан,

Естіледі зарлы үндер майдан жатқан.

Кірген кезде ұрандап атты жасақ,

Білмей қалды келгенін қай тараптан.

Жауды қоршап талқандап бұзып кірді,

Артқа тастап балғын шақ қызық күнді.

Келер қолдың көмекке жолын кесіп,

Дұшпандардың желкесін үзіп тынды.

Қуаныштан құлпырып желдей есіп,

Қолпаштаған бір-бірін егей десіп.

Қалжыраған ұрыстан әбден шаршап,

Ұйықтап кеткен қалың қол мерейі өсіп.

Жау әскері білдірмей түнде қоршап,

Алған екен шықпастай бірден тор сап.

Спаргапис жасаққа әмір берді,

Өтейік деп шеп бұзып, бірге жол сап.

Қолда семсер атойлап ұмтылды алға,

Жолымды тек оңда деп бұл түн Алла.

Түсіп жатты домалап жерге бастар,

Жете ме енді деміміз бір күн таңға.

Күн көрініп атты таң белгі беріп,

Өз күшіне батырлар келді сеніп.

Шығалмасын білді бір бұл тозақтан,

Жаудың шебін қоршаған көзі көріп.

Сары уайым салмайын санаға деп,

Сәлем айтсам ести ме, анама тек.

Ал кегімді жауыңнан қыршын кеттім,

Алды-артыңа енді ана қарама тек.

Сәлем айттым құстардың қанатынан,

Балаң едім өзіңнен дара туған.

Жаным құрбан қара орман елім үшін,

Қара лағың болайын ар атынан.

Шыға алмады бұзып бір, түсті торға,

Амалы жоқ тең келер күшті қолға.

Қырылды әскер қан кешіп екі жақтан,

Спаргапис соңында түсті қолға.

Шешті қолын әкеліп хан алдына,

Деді маған басыңды іи жан барында.

Қылша мойным, талша деп елім үшін,

Басым міне, ал енді алдарыңда.

- Деді де тұрды ханға қырын барып,

Қайтып естен шығарар мұны халық.

Кеңірдегін өзінің бірақ орды,

Жау қылышын қолынан жұлып алып.

Селк етті хан, көзімен мұны көріп,

Не деген деп дәті мен сыры берік.

Ел аузында жырланған батырлардың,

Тарих та қалды тек бірі болып.

Істер әр кез істейтін ісін танып,

Дарыны мол білетін күшін халық.

Бұл майданда мерт болды жау қолыннан,

Қоршауына дұшпаның түсіп қалып.

Қалғаныма дүние-ай елден көңіл,

Қысқа бізге болсада берген өмір.

Күңіреніп ханышайым жылап кетті,

Естігенде ұлының өлгенін бір.

Өз етіңе қуырсам майыңды алып,

Сейілерме мендегі уайым халық.

Тойдырам деп дұшпанды өз қанына,

Атқа қонды ханышайым дайындалып.

Тымырсық күн тұрсада жалын шашып,

Жауды өткізді бері әтей алтын ашып.

Құрып жоспар қоршауға ап айламенен,

Сақ әскері жан-жақтан қалды басып.

Құлын-тайлар айрылып енесінен,

Болды шайқас қалмайтын ел есінен.

Қойдай дұшпан қырылып мерт боп жатыр,

Атқан сақтың жаңбырдай жебесінен.

Қайда қалды байағы сенім, көңіл,

Шорт сынбайтын шытынап төзымді өмір.

Судан шыққан тышқандай сүмрейді,

Ырық бермей келген жау кезінде бір.

Қырғын соғыс, ұлар-шу, қызыл-майдан,

Атой салып жау шебін бұзуды ойлан.

Сұр жебе боп атылған ажал оғы,

Білмейсің сен тиерін түзу қайдан.

Құрсада бір жоспарын өз алдына,

Не боларын жау бүгін сезе алды ма?

Кир патшаны қорқыныш алды билеп,

Өлім-үрей елестеп көз алдына.

Қызыл-майдан қан кешіп толарсақтан,

Бұзып қамал батырлар оза шапқан.

Қылыш сермеп, найза сап қырды жауды,

Бес қаруын суырып қорамсақтан.

Қамал болмас алынбас анық берік,

Егер тұрса өзіне халық сеніп.

Кир патшаның батырлар басын кесті,

Ханышайымнің алдына алып келіп.

Қап жасатып өгіздің терісінен,

Ішін қанға толтырды келісіммен.

Басын салды дұшпанның ел алдында,

Өз қанына тойсын тек деп ішінен.

Әңгімелеп айтсаң да қай балаға,

Бұл әншейін соғыс деп жәй қарама.

Екі жүз мың қырылған жау әскері,

Қалды жем боп ит-құсқа ай далада.

Өз халқымен болмастан жерге масыл,

Байлығым жоқ деп менің елден асыл.

Ұрпақ жалғап биледі дәуірінде,

Хандық құрып "сақ" болып неше ғасыр.

Қуат алып өмірден, күн көзінен,

Тұрдың сертте танбайтын бір сөзіңнен.

Сүйінішпен қараймын ерлігіңе,

Болмасамда сол кезде бірге өзіңмен.

Ұрпағыңның демеймін жайын қара,

Жабағы жал мінседе тайын бала.

Тұлпарменен ту ұстап шапқан сенің,

Қалды бізге мұра боп сайын дала.

Шаршап түспей шалдығып арып аттан,

Жау алдында қойатын арын мақтан.

Сақ, ғұн, қаңлы сен едің түркі болып,

Евразия құрлығын алып жатқан.

Арылмаған болса да бастан азап,

Неткен баба ерлігің асқан ғажап.

Шежіреңді парақтап мен отырмын,

Бұл тарих жазылған тасқа қашап!

ЕКІНШІ  БӨЛІМ

 

ҒҰН ТАЙПАСЫНЫҢ КӨСЕМІ - МӨДЕ ҚАҒАН

ТАРИХИ ДЕРЕК - Ғұндар - көшпелі халық, Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, Түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тіліде Түркі тілі болған. Шығыста Мөде қаған (ж.ж.с.д.228-174)  "шығыс қу" тайпаларын бағындырған, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген Сәнби және Ұқуан тайпалары кірген. Мөде батыста Юеди (Юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасаған. Бұл кезде қазырғы Кореядан Тибетке және шығыс Түркістан нан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ Ғұндар дың қол астына кірген.

Ғасырлардың сыр шертіп қатарынан,

Тарих куә жазылып хатқа алынған.

Кешегі тек бабалар өткен күнің,

Шежіре боп ал бүгін ақтарылған.

Қалған бізге бабадан дала-мұрам,

Келешекке ой тастар саналы ұлан.

Естіледі дүбірі тұлпарлардың,

Домбыраның шертілсе шанағынан.

Пай, пай, шіркін, домбыра топ ішіннен,

Күмбірлесе қосылып қобызымен.

Бебеулеген төгіліп күй боп далам,

Тарихпен кешегі тоғысып ең.

Куәсі боп өткенің, кешегінің,

Бабам келген жібермей есе-тыным.

Алдыда тұр батыры ғұн елінің,

Аттила мен Мөдедей десе кімің?

Жылжып ғасыр, жыл аунап өткен өмір,

Ғажап ғұмыр талай жан шеккен не бір.

Тарихқа тас бауыр хандар келіп,

Бірін-бірі жоғалтқан неткен жемір.

Легі ағылды ғұндар дың шығыстан кіл,

Жазғытұрым жауғандай ырыс жаңбыр.

Қамал болды алынбас дұшпандарға,

Тау денелі құйылған құрыштан бір.

Атой салды арғымақ, тұлпар мініп,

Уақыт өтіп ақсада жылдар жылып.

Талай жерді қаратып бір өзіне,

Айдап шықты жауларын ғұндар түріп.

Елдің Мөде көтеріп шаңырағын,

"Тәңір құтты" деп жүргізді әмір-тағын.

Қортып темір болаттан қару жасап,

Ашқан еді ғұндарың Тәңір бағын.

Жиырма төрт ру қарап жарлығына,

Қысқан дүние қарамай тарлығына.

Әділдік пен халқына биік айтты,

Қараша, Бек деместен барлығына.

Аман болса қан, термен келген мекен,

Ала ауыздық шықпайды елден бөтен.

Деп әкесі азулы көрші еліне,

Кепілдікке Мөдені берген екен.

Жылдар бойы кепіл мен сонда тұрып,

Қарсы келген дұшпанды жолдан жұлып.

Өнер-білім үйреніп жетістік пен,

Кейін келе атанды толғамды ұлық.

Аңдыған жау тұрсада кекті басып,

Жөнін тауып кепілден кетті қашып.

Терең шатқал, биік тау, бітік орман,

Қу медиан даланы өтті басып.

Иен жерді мекендеп жан баспаған,

Қару жасап ел білмес алдаспаннан.

Жылдар бойы қол жыйып, әскер құрды,

Өмірге бір басқандай алғаш қадам.

Шықпасын деп шикі өкпе масыл елден,

Батыр кілең жігіттер қасына ерген.

Тұлпар мініп шапқанда көрінеді,

Құйындатқан дауылдай жасыл белден.

Ер мүсінді қарасаң тұлғасына,

Қойа алмайсың бір кемдік сын басына.

Жинап әскер, қалың қол Мөде батыр,

Бірлік дейтін топтады ту астына.

Әкесінің билеген алып тағын,

Тәңір ашты Мөденің анық бағын.

Әділетпен басқарып елмен жұртын,

Қаған болды ойлаған халық қамын.

Өткен тарих жазсада кесіп күнді,

Берілген бақ маңдайға несіп қылды.

Таққа отырған Мөдені көрші елдері,

Көз алартқан дұшпандар естіп білді.

Билік айтқан жаңадан хандық құрып,

Жақтады елі, Мөдені барлық ұлық.

Елшілерін жіберді дұшпандары,

Не дейді екен дегендей аңдып тұрып.

Мөде ханның тұлпары дүл-дүл еді,

Ойландырып тастайтын кім-кімдерді.

Жез қанатты, жел жүйрік, құстай ұшар,

Сағым болып шапқанда күн-түндері.

Болат тұйақ, Тәует бас Марал маңдай,

Қараған жал жібекпен таралғандай.

Омыраулы,шоқтықты, алды биік,

Пері ойнақтан жаныуар   жаралғандай.

- Пана тұтар ертең ақ ғұндар кімді?

Құлғып алма десең бір ұлдарымды.

Деді елшілер сұратты біздің патша,

Сіздің мінген берсін деп тұлпарыңды.

Мөде қаған ойлаған ел ертеңін,

Бәрін парлап тұсінді келер демін.

Қалағаны болса егер осы тұлпар,

Сыйға тартар сыйым бұл берер менің.

Ал тұлпарды деді де жайраң қағып,

Алып шықты жетектеп майданға алып.

Уәзірлер не дерін білмей ханға,

Тұрып қалды дау айтпай қайран қалып.

Жыл ауысып, ай өтті, күн артынан,

Құбылыс көп өмірде сырға тұнған.

Ойлайды тек қандай хан өзінің бір,

Қалмайын деп айрылып мұраттымнан.

Тағы келді көрші елдің елшілері,

Ел деп ғұнды тең тұрар менсінбеді.

Асқан сұлу ханымын сіздің елдің,

Сыйға өзіне ханымыз берсін деді.

Өзі сұлу жан еді, әрі ақылды,

Алыс демей тартатын бар жақынды.

Ханға сүйеу ақылшы ханым еді,

Кесіп айтар ақиқат, қара қылды.

Ханым айтты тақсыр-ау, Мөде батыр,

Айналаң жау қоршаған келе жатыр.

Жерің аман болса егер елің үшін,

Мен құрбандық деп ханға береді ақыл.

Не деген деп уәзірлер басынғандық,

Қоршап бәрі қағанды қасына алып.

Жіберейік ханына елшілердің,

Қанмен жуып бүгін біз басын алып.

Шулап кеті деп бәрі тосыннан бір,

Қаған менен ханымға қосып ақыл.

Бұл бекімін ханымның түсініңдер,

Жау болмайт деп кім айтар досың ақыр.

Айтты Мөде билігін тақта тұрып,

Кейін шырға жасармыз қақпан құрып.

Қалағанын берейік бүгін енді,

Деп ханымын жіберді аттандырып.

Жарқыраған аспаннан айымды алып,

Кетседе елге ал бүгін уайым салып.

Әскер жинап Мөде хан сайлаутты,

Енді ұрысқа кірісбек дайындалып.

Деген бабам азамат, ер жасыма,

Сендер барсың жақсылар кел қасыма.

Ұланғайыр даланы қорғайсыңдар,

Зұлмат күндер түссе егер ел басына.

Әскеріне деді хан артып сенім ,

Өз жанынан қойатын артық елін.

Күндер өтті, жыл аунап,  парлап көрді,

Бар екен леп дүние-ай артық-кемің.

Тағы келді елшілер сенім артқан,

Күштілікпен қойатын тегін мақтан.

Бізге берсін ханымыз деп сұратты,

Ұланғайыр жан баспай жерін жатқан.

Сөз бастады Мөде хан сәл кідіріп,

Жалпақ елге жатқандай арды ұқтырып.

Елшілердің басын ал деді әскерге,

Уәзірлердің алдында жарлық қылып.

Жиып барлық әскерін сығайланған,

Деді қорлық шыдайма мұндайға адам.

Бұл мекеннің бір түйір тасы қымбат,

Берген мұра бабамнан -  Құдай маған.

Жүрегінде ыза-кек тасып тұнды,

Тез жорыққа деп қолын асықтырды.

Бейбіт жатқан жау елін бірақ түнде,

Жан-жағынан қоршап ап басып кірді.

Не қыларын білмей жау қалды сасып,

Құлата алмас шырдақ су жардың тасып.

Ырық бермей келген бір кезіндегі,

Дұшпандардың тастады арнын басып.

Қарайса да кек пенен қаның маған,

Садағасы халқымның малым саған.

Тізерледі патшасы дұшпандардың,

Мөде ханға қалтыр деп, «жанымды аман».

Ер екенін Ғұндарың танып бөлек,

Өткен күннен бұрынғы алып дерек.

Ханшасын ұзатты Мөде ханға,

Тұрмақшы боп жыл сайын салық төлеп.

Өтсе де өмір, уақыт сағым қуып,

Қонған басқа кім берер бағын жырып.

Хандық құрған көршілес тайпаларды,

Ғұндар жатты өзіне бағындырып.

Салыстырып өзін тек жат күшімен,

Ойнатқан да қаруын ат үстінен.

Тұлпарлардың тұяғы дүбірлеткен,

Солқылдатты шығысты, батысымен.

Жазған ғасыр тарих жеті үнімен,

Деме енді қайтарам кекті кімнен.

Май ғоғаша дұшпандар жапырылды,

Бөгеу бермес ғұндарың екпінінен.

Содан қалған бізге құт мынау далам,

Қоя берме қарғам-ау, сұрау маған.

Тарихтың парағын ашсаң бүгін,

Жазып кеткен барлығын жырау бабам!!!

ҮШІНШІ БӨЛІМ

 

ЕДІЛ ҚАҒАН ( АТТИЛА)

        ТАРИХИ ДЕРЕК  - Батыс Ғұн империясының негізі алғаш б.з. II ғасырында Батыс Қазақстан жерінде, Каспий теңізі жағалауында қаланды. Ғұндар сол өңірден өздерінің патшасы Валамир (Балаәмір) бастауымен батысқа аттанып, IV ғасырдың 70-жылдары Днестрге дейінгі жерді жаулап алды. Олардан бірінші болып жеңілгендер Азов теңізі өңірін мекендеген аландар болатын (қ. Ғұндардың аландарды талқандауы). Керчь бұғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығы да ғұндардың соққысынан құлады.

    Еділ қаған (Аттила) (400-453 ж. ж.) батыс Ғұн тайпалар одағының аты аңызға айналған көсемі. Рейннен Қара теңіздің солтүстігіне дейін Варвар тайпаларына өз билігін жүргізген, адамзат тарихында өзіндік орыны бар тарихи тұлға.

      Аттила Римге (Еуропа) ға жорықтар арқылы ондағы құлдық дәуірді жойып адамзат баласын құлдықтан құтқарған. Өз дәуірінде "Тәңірдің қамшысы", "Құдайдың қаһары" депте аталған жау жүрек батыр.

     Еділ герман тайпаларын бағындырған кезде Бурундия ханшайымды Илдионаға ( Хилдикаға) ғашық болып қалып 453 жылы елінде үлкен той жасап, осы ханшайымға үйленеді. Бірақ алғашқы неке түні белгісіз жағдайда кенеттен қайтыс болады.

Келседе ақын ғасырлар жырлап сені,

Қабағында қатулы мұң бар еді.

Аттың басын тіреді  Каспийге кеп,

Бөгеу бермес толқындай Ғұндар легі.

Әр уақытта келтірмей сенімге шек,

Болашақтық көрсетіп еліне есеп.

Алғаш құрды Батыс Ғұн инпериясын,

Батыс Қазақ елінің жеріне кеп.

Даналықпен шешіп тек дала дауын,

Биік ұстап көтерген ар алауын.

Әскерменен шеп жайып неше түмен,

Мекен етті Кәсібидің жағалауын.

Валамирдей патшаның әмірімен,

Қолдап Құдай, жебеді Тәңір бірден.

Аты қалды бүгінгі тарихта,

Жолдас болған дүние мәңгі кіммен?

Жатыр Азов деңізі кікіп ағып,

Осындай да ер қалар бір сыналып.

Алаңдарды Ғұндар кеп жайпап өтті,

Жайған шебін талқандап бір түнде алып.

Іргеңде жау деместен жоқ дұшыман,

Қарсы атылып өтседе оқ тұсыннан.

Қырымдағы ұлы Боспор патшалығы,

Тек Ғұндарың құлады соққысы нан.

Өз тұсында Боспор да күшті ел еді,

Ел үшін бір істеген іс келелі.

Келіп міне бетпе-бет Ғұндар менен,

Алғаш рет соғысқа түскен еді.

Батыр елді кім сенер десе масыл,

Қайтып келмес қолда жоқ кешегі асыл.

Әміріне қаратып Еуропаны,

Жаулап жатты Ғұндар кеп неше ғасыр.

Аттиладай ер жүрек бар батыры,

Барлық батыс түсінген парлап мұны.

Қасына ерген қалың қол кілең саңлақ,

Бәрі түгел қарасаң арда ақылы.

Бізбен ғұндар, түркілер қатысты ма?

Қарсы келген жау менен атыс қыла.

Бағындырды Римді , Еуропаны,

Бір өзіне қаратып батыстыда.

Атқа қонып Аттила жарғысы мен,

Жауға атанды батырлар бар күшімен.

Құтылдырып құлдықтан Еуропаны,

Алып едің халқыңның алғысын сен.

Аттила тұр ту ұстап аттан салып,

Ерлігіне сүйініп жатқан халық.

Батыс елін қаратып бір өзіне,

Патшасында түсірген тақтан алып.

Бұрынғы өткен қарайлап тек күніне,

Құлдық ғұмыр ел көрген кетті міне.

Жеңілген жау қан сасып бағынды өзі,

Аттила ның шыдамай екпініне.

Кескілескен қан кешіп, майдан жалын,

Кім түзетер елінің тайған бағын.

Тау төбе боп үйілген өліктерді,

Көзбен көрмей түсінер қайдан бәрін.

Ақжал тұлпар астында кісінеген,

Мықтылықты дәлелдеп ісіменен.

Жаудың шебін талқандар жалғыз барып,

Сенген батыр өзінің күшіне ерен.

Сом денелі  қарымды аршын білек,

Енді өзіңдей  жоқтар жер арысын тек.

Дәуіріңде атандың  дұшпандарға,

От ойнатқан "Тәңірдің қамшысы" деп.

Дала мынау сен шапқан тұлпарыңмен,

Өткен тарих өмірін бұлдар кімнен.

Ізің жатыр іргеде сойғақталған,

Талай ғасыр өтседе жылдар кілең.

Қайтпас  жаудан батыр ер, алып жүрек,

Жайар кеңге қанатын анық түлеп.

Еуропаны билеген дін Папасы,

Алдыңа кеп бас иген салық төлеп.

Сен ғанасың түркі мен ершімді егіз,

Тәңір бізге бақытын берсін деңіз.

Аңыз болған ғұндардың батыр ұлы,

Еділ хандай ұрпаққа берсін жеңіс.

Алдыңда ор болса егер қазылуда,

Деректер көп тарихи жазылу да.

Кім тең келер ауызы алты қарыс,

Арыстандай айбатты азулы ға.

Өткен өмір кеттің бе сағым қуған,

Құрып қалған не пайда  ағын судан.

Тас-талқанғып батыстың тайпаларын,

Еділ батыр кезінде бағындырған.

Көңіл көктем лепірген тасып толып,

Қалаларын дұшпанның басып қонып.

Көрген жерден Илдион* ханшайымды,

Еділ хаған қалған ед ғашық болып.

Ханшайымды алам деп жарлық етті,

Иландырып сөзіне барлық көпті.

Сұлу көрсе сұқтанған қызыл көздік,

Өміріне өзінің тарлық етті.

Ұлан асыр той болды халық көрген,

Хан-қараша жиналды барлық елден.

Игі жақсы, қонақтар, нар қасқалар,

Жатыр орнын шалқайып алып төрден.

Той боп жатты күн емес, апта ауысқан,

Бұл не деген байлық деп бақ қауышқан.

Есебі жоқ шашылған мал-дүние,

Шошып кейде қаласың жат дауыстан.

Елмен жұрты жыйналса тамашаға,

Қарамастан биікпен аласаға.

Алтын-күміс тараты тойға келген,

Кедей-кепшік, жоқ-жітік, қарашаға.

Кеште болды келді хан сарайына,

Махаббаттың бөленген арайына.

Масаңдықпен лепіріп көңіл өскен,

Шарап-тамақ әкелтті малайына.

Тойда бітті неше апта дүрілдеткен,

Жерден емес тапқандай пірін көктен.

Ай десе аузы, күн десе көзі бар боп,

Ару отыр қасында нұрын төккен.

Шарасына толтыра  құйды шарап,

Биге басты бұралып, күйді санап.

Қос қолымен ұсынды сұлу келіп,

Егер тұрса батыр-ер сиды қалап.

- Деді ару құлай келіп құшағына,

Мен істейтін дайынмын іс жағыңа.

Тамағына тақаған алдын ала,

Алмас өткір ажалдың пышағыма?

Не боларын күн ертең білмес ешкім,

Ортасында жүрседе көп егестің.

Шырқымызды бұзбасын деп тапсырды,

Күзетшіге біреу кеп осы кештің.

Ішті шарап мас болды бімей есін,

Сұлу деген нұр шашқан күндей есім.

Шамды өшірді, құшақтап ханшайымды,

Екеумізге дегендей тіл тимесін.

Шектеу бар ма Тәңірдің сызығында,

Салма тағдыр сынақ пен бізді мұңға.

Батты өмірдің бір түндік тойат таппас,

Арпалысқан сезімнің қызығына.

Көкжиектен күн шықты нұрын төгіп,

Пенде, шіркін, болсаңда сырың берік.

Екі ғашық тұрды ма төсегінен,

Әлде тағдыр кеттіме қырын беріп.

Ұғып болмас хиқмет сырыңды адам,

Алса Тәңір қалтырмас біріңді аман.

Ащы дауыс шықты бір түс мезгілі,

Ханшайымның сарайдан шырылдаған.

Келді кіріп күзетші ақ сарайға,

Есіл ерді өз үйі жат санайма.

Еділ хаған қан құсып жатыр екен,

Біртүрлі боп көрінді сақ малайға.

Бойдан шығып жан кеткен, асыл ғайып,

Не болғанын бұл түнде жасырмайық.

Бозінгендей жоғалтқан нар ботасын,

Жылап отыр ханшайым шашын жайып.

Жерде мүрде, жан кеткен  дем үзіліп,.

Жаратқан бір, дүние кем дізіліп.

Дүр сілкінткен әлемді батыр еді,

Келген қандай алдына сеңді бұзып.

Еңіреген ұлар-шу жылап халық,

Тәңір тұрма кім білсін сынаққа алып.

Бір қастандық сол түні жасалды ма,

Деген бүгін тұр артта сұрақ қалып.

Шүйе бөрілер жүргенде тыстан ұлып,

Дос мұңайды ал міне дұшпан күліп.

Дұшпандықтың кездігін жең ішіне,

Жасадыма тығып кеп мыстан қылық.

Сұрақ қалды жүрек те, кім біледі?

Сол түн болған жын ойнақ, жын біледі.

Мақабатпа әлде бір қастандықпа,

Қалған жұрттың есінде бір түн еді.

Табиғатта бұзылды ауыр сыннан,

Күн күркіреп найзағай, дауыл тұрған.

Көл ортайды, сүйенген тауы құлап,

Қашан енді арылар қауым мұңнан.

Өткен тарих ақтарса шежіресін,

Деме ағайын сен бүгін не білесің.

Ғасырлардың өшпестей қатпарында,

Қалған талай жазылып не бір есім.

Бір егейі  Еділ хан сол есімінің,

Қайда екенін білмейді мүрдесін кім?

Өткенді күндер жатқанда жоқтап бүгін,

Тарих бабам айтады бір кесімін.

Кезіксе егер жек көрер олжаны кім?

Келмеседе айтылған болжам бүгін.

Дәуірінде көрсеткен Еділ батыр,

Арлан өскен өзінің көкжалдығын.

Тарих куә жазылған хатқа түсіп,

Есіл ер көп мерт болған қақпан құшып.

Тұрып қайта орыннан жауға шапқан,

Қазған орға жығылса аттан ұшып.

Өткен тарих ой салдың не бір маған,

Білдірмей жеп жоқ қылар жемір ғалам.

Бұрынғының куәсі батыр мүсін,

Алып жүрек сен едің Еділ бабам!!!

ТӨРТІНШІ  БӨЛІМ

ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ - МҰҚАН ҚАҒАН

 

( 552 - 603 жылдар )

ТАРИХИ ДЕРЕК: Түрік қағанаты- Көк түріктердің тайпалық одағы, орта ғасырларда басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Түрік қағанатының күшейген уақыттында Солтүстік- Шығыс Қытай ( Манчжурия),   Моңғолия, Алтай,  Орта Азия, Қазақстан, және Солтүстік Қапқаз аумақтарына иелік еткен.

Түрік қағанатының негізін салушы- Бумын қаған. Ол Жужаңдарды жеңгененсоң 553 жылы қаза болып, орына Қара-Еске және Мұқан қаған болады.

Ал 553 - 572 жылдары Мұқан қаған кезінде Түріктер ұлы даланың шығыстағы қожасына айланады. 6 ғасырдың 70 жылдары Түрік қағанаты  солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. 6 ғасырдың екінші жартысында Түріктердің билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Сүйтіп Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттерге өздерінің саяси ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.

Біз ұрпағы дейміз бе, ақиықтың,

Ғасыр туған алыптар сан иіп мың.

Салған мынау ғаламға таңбасы бар,

Қатпарында өшпестей тарихтың.

Өткен бізге ой салып кешегі күн,

Бұл тарих жазылған десе бүгін.

Дүбірлетіп тұлпармен бабам өткен,

Жауларына жібермей есе-тыным.

Жалпы әлемге шығармай жаман атын,

Артып Баба мойнына аманатын.

Көктүріктің тайпалық одағы боп,

Ұлы түрік құрыған ет "қағанатын".

Жаратушы қолдап бір Тәңір көктен,

Берген сиы бабама тағдыр неткен.

Моңғолия, солтүстік шығыс Қытай,

Орта Азия бәріне әмір еткен.

Кейбір істер көңілге толмас сірә,

Десекте шын әділет жол аштыма?

Византия, Иранды,  Кавказбенен,

Сол заманда қараттың қоластыңа.

Шықты Бумын асыл ер болып қаған,

Қандай шайқас келетін жорықтан аман.

Ентелеп жау, келседе шайлығып бір,

Алып жүрек батыр ет қорығпаған.

Қарсы келген дұшпанын көріне айдап,

Ел-жұртымен өзіне сенім байлап.

Жинады елін бір тудың астына әкеп,

Біз ғана деп көтерген "бөрі байрақ".

Басып жүріп өзінше бұл жалғанды,

Не боларын күн ертең кім аңғарды.

Үлкен тайпа билеген хандық құрып,

Жеңіп шықты ірге жау Жужаңдарды*.

Жасап әр кез жауына жаза жорық,

Аттанды қол екпінмен аса толық.

Өмірден бес жүз елу үшінші жыл ,

Қош айтып кетті Қаған қаза болып.

Сұрағы бар дегендей судың қарғам,

Дүниеден кетті өтіп Бумын қаған.

Еңіреген елім деп есілдермен,

Боздақтарды ер етіп тудың далам.

Өткен түннен шықсаңда аман қонып,

Береді екен бір қырын заман торып.

Қара-Ескемен орнына келген екен,

Мұқан батыр ел күткен қаған болып.

Қан майданда жері жоқ батыр ыққан,

Дұшпандарын белдескен, алып жыққан.

Халықты ертіп соңынан Мұқан қаған,

Көкжал болды әлемге аты шыққан.

Шағылысып шапқанда байрақ күнмен,

Сайгүлігі астында сайлап мінген.

Бес қаруын асынып Мұқан батыр,

Жауға кірді семсерін қайрап бірден.

Кірді жалғыз ұрандап қылыш сермеп,

Біздің халық қашанда рысты ел деп.

Түсіп жатты домалап жерге бастар,

Дәмін татып жебе оқтың мырыш кермек.

Өңшең батыр қалың қол қасына ерген,

Ұмақ-шұмақ көрініп жасыл белден.

Мұқан қаған кезінде Түркілердің-

Домалаған биіктеп тасы өрден.

Көк Тәңірге Алла деп сиынған бір,

Қандай зұлмат келседе құйын, жаңбыр.

Асау өзен, асқар тау кезікседе,

Кесісіп өттің жол тауып қиыннан бір.

Ойламадың бір бастың қара қамын,

Салсада от дұшпандар  араға мың.

Қара халық деместен өзіңе ерген,

Барлығына үйреттің дала заңын.

Өзіңе өзің ер едің артқан сенім,

Тұлпар мініп қорғаған шапқан жерін.

Тік көтеріп қаған ғып төбесіне,

Батырсың деп жау жүрек мақтанды елің.

Ат жалында алып тек көз шырымын,

Арпалыспен қашанда өтті күнің.

Жарты әлемді билеген кім бар сендей,

Қағандыққа жеткізіп шекті өмірін.

Даңқы кетті жұмыр жер даласына,

Әрбір тайпа естіді баласыда.

Ірге жау көп білдірпей тісін қайрап,

Жатқан небір тығылып жар астында.

Қия бассаң алдың ор,  артың қыспақ,

Өткен баба сақ, ғұнның салтын ұстап.

Көшіп, қонып жаз жайлау, қыс болғанда,

Тау бөктерін шығатын халқы қыстап.

Күшті ел болды мерейін асырған кіл,

Жұртын бастар ер шығып асылдан бір.

Том-том тарих түркілер қағанаты-

Шежіренің жазылған басында тұр.

Бүгін сыймай жатсақта ғаламға кең,

Берді тарих, өткен күн, бағаңды әлем.

Арыстандай жортқан да жолың болып,

Тау тағысы атандың санамда сен.

Біз білмейтін ғалам кең сиған бәрі,

Қалған артта мұра боп жиған дары.

Салық төлеп өзіне тәуелді етті,

Енисеймен Цжоу, Ци, Қидандарды.

Ғасыр бойы тоқтамай атыс бірден,

Жан жағы жау, дұшпанмен тартыс кілең.

Көпір болдың жалғаған Жібек жолын,

Тұтастырып Шығысты Батыс пенен.

Дұшпаның кім, досың кім, сезе білдің,

Ұстап еркін бұйдасын өз еліңнің.

Шекараңның кеңейттің, батысын сен,

Әмудария бойына өзенінің.

Түбім түрік өзіңнен біз тарадық,

Жантайсақта шынтақтап  мұзға барып.

Сәйгүліктің тұйағы тиген жерді,

Мекен еттік ұлы тау, құздарды алып.

Сан құбылып табиғат мың түнердің,

Жасын ойнап найзағай күркіреп күн.

Заңғар биік таулары  алтын Алтай,

Ата жұрты алғашқы түркілердің.

Жасырсада өткен күн сұмдықтарын,

Жүргізбеді дейсің-ау кім  ықпалын.

Ата қоныс Азия алып мекен,

Сенің алғаш  төгілген кіндік қаның.

Кіл шындықты жасырам несін елім,

Жыр бастауы сен едің несібемнің.

Бабаларды баулыған Батыр етіп,

Азия - ана тербеткен бесігі едің.

Дана – көсем,  жау жүрек бабам неткен,

Кең көсіле кешегі заманда өткен.

Шежіре боп жазылып бұл тарих,

Ғасыр аунап мінеки маған жеткен!...

ТҮЙІН

Жатқан жалпақ шегі жоқ мынау далам,

Сын көзімен қояды сұрау маған.

Жүзіп көлде аққу-қаз сайран салып,

Аспанда ұшып тырналар тыраулаған.

Есте қалып байырғы сол күндерің,

Жоғын бар ғып, кемтігін толтырды елім.

Қойдай өрген қоңыр аң төскейінде,

Жатыр міне көсіліп қоңыр белім.

Терең шатқал, биік құз, қырқаларың,

Ой жетпейтін өзіңнен сыр табамын.

Жер шетіне кетсемде сағынышпен,

Тұрар басып өзіңді бір табаным.

Аманат боп біздерге қалған мекен,

Көрмеген де, көргенде арманда екен.

Жер ұйығын силаған ұрпағына,

Бабаларым недеген талғамды екен.

Тұмар ханым, Мөде мен Еділ қаған,

Тектілік бар десекте тегіңде адам.

Бөрі байрақ көтерген Түркілерден,

Қалған тарих аманат елім саған.

Шындық шегін жеткізіп айталар кім?

Деме ағайын өткенді қайталадың.

Мұқан қаған барлығын біріктіріп,

Басын қосты Түркі ғыл тайпалардың.

Шауып өтіп жонынан қыр-даланың,

Жорғалай бас өлең боп жыр-қаламым.

Шер тарих кешегі шертіп келген,

Шежіренің енді аштық бір парағын.

Біз ұрпағы солардан қалған бүгін,

Өмір өзі көрсетер талғамды ұлын.

Жауға шапқан теңесіп теңдік үшін,

Көз алдыма келеді арлан күнің.

Жылдар аунап өтседе талай ғасыр,

Өзін адам өлгенше санайды асыл.

Қойнына жер алғанын мәйіт қылып,

Түсінбей ме, пенделер қалайда бір.

Қазақ деген ұрпағы сақ, ғұндардың,

Өнегенің  өзіңнен таптым бәрін.

Құлағында ойнағам тұлпарлардың,

Тартып мініп бес жаста атың жалын.

Неткен баба халқыңа сүйікті едің,

Заманыңда ту ұстап биіктедің.

Мәрттігің бар, кең пейіл кім болсада,

Құшағыңда жататын сиып сенің.

Өткен баба  рухың  алып, асқақ,

Ен даласын қорғаған жанын жастап.

Жауға аттанған Баһадүр батырлармен,

Қарашасын алдымен ханы бастап.

Іргең дұшпан болған соң айнналаң жау,

Бітпес күнде өмірден қайнаған дау.

Жортқан шауып шығыс пен батысыңда,

Сайалаған сары түнде сайаң қалды-ау.

Кешегі өткен өзіңе тең келер кім?

Кеткен бүгін ындыны пенделердің.

Жортқан көкжал Бабамның ізін шалып,

Құбажонмен иенде мен келемін.

Соңы

Талапбек АЗАНБАЙ

arqu kz