Кеншеннің көк төбесі

Ертіс  өзені

Тарлан тарихтың көн тысты дәптеріндей Өр Алтайдың әр парағы әсерлі әңгіме емеспе… соның бір парасы дана көкірек Кеншен төкірегінде өрбиді…

– Шамамен, 1878-жылдың күзі екен-дейді. Осы әңгімені маған баян еткен Құрманшәріп ақсақал.

Ел жайлаудан қотарыла көшіп, қазіргі көне Көктоғайдың маңындағы сарбұлаққа кереге жайған. Шелдене тойынған төрт түліктің алды жусап, арты бетеге мен жусанды самарқау жұлып байыздап жатқан кешкі бір шақта кеншен, ауылдың серкелерін ертіп сонау тұрған көк төбеге тартады…

Көктоғай кен қалашығы

Бір тұйыр тәсінәдейін темір құрамды кенішті дала Ертістың сарылын тыңдап, көсіліп жатты. Бірінен бірі биік қазиек Алтай тауларына ұзақ қарап, жеңіл күрсінген кеншен дауыстай сөз бастады:

– Ау, жамағат, алла маған аян берді. Келесі жылдың қысында дәм-тұзым таусылар. Қарызға алған өлшеулі ғұмырдың жетер көмбесі таяды білем. Ел-жұртым, сендерге айтар өсиетім, мынау бір алланың нұры ұйыған төбе екен, мен бақилық болғанда, қиындық болар. Сүйтсе де осында әкеліп жерлеңдер-деп төңірегіне бажалай қарап сөз тіргінін тартқан.

– Ау, "су жырғыш пірім, түс түлкнің боғы "деген. Озыңды өкпеге қисақ өлімге қалай қиямыз?  жақсы мың жасаса да, оның ғұмырына өзінен бұрын халқы тоймайды-деп топ ішінен бір кәриә суырла тіл қатты.

Өнгесі үнсіз қалды…

Халқымен хоштасып отырған бұл кісі, Алтай бетінде аты аңызға айналған, сахараның мектеп көрмеген ғалымы, Алтайдағы алғашқы тоғандарды жобалап алушы, су инженері, Керейдің Шеруші руынан шыққан Кеншен Қияқбайұлы еді.

Я, алла ешкімді Бекер жаратпақ емес. Ал, сүйген құлына ықыласы ерен болмақ. Кеншен айтқанындай, келесі 1879-жылдың ақпан айында Үліңгір өзені бойындағы Шәкүрті деген елді мекенде қайтыс болады. Қыс қатты, қар қалың еді. Солай болса да, жиналған ел кеншеннің өсиеті бойынша, арқалы ат-атанмен қар бұзып жол ашып, Көктоғайдағы сол айтқан көк төбеге жерлейді. Кеншен осы төбеге қойылған тұңғыш адам екен. Осыдан кейін көп адам жерленеді. Құлазып жатқан Көктөбе үлкен қабырлыққа айналады…

кеннің 1970 -жылдардағы бейнесі

Арада 70 жыл өткенсөң, кеншен жатқан көк төбеден кен байқалды… әлем геулектөрі көз сөзіп жүрген кеншті төбені 1954-жылы Қытай свет одағымен бірігіп ашатын болды да, Көктөбеге кеншен бастап жантайған жүздеген аруақтың сүйегі жақын маңдағы сарбұлаққа көшірілді.

Кенде әуелі қазақтар істеген

Бұл күнде бір шұңқырдан 81 бір түрлі кен байлығы шығып, әлемде 3-орынды иелеп тұрған Көктоғай кенін, Кеншен Қияқбайұлы еш аспапсыз қалай білген?  біліп ғана қоймай, алысты болжап, қазағым, ұрпағым ие болсын деген арман, мұратпен өзін үстіне жерлеткен Қайран бабаның қадырыне жете алдық па деген сауал мазалай береді…

кеннің  қазіргі бейнесі

Ең өкінштісі, тұрымтай тұсына тартқан дәл сол заманда, көк төбеден көп сүйекті көшіргенде кеншен бабаның басына нақтылы белгі қойылмаы қалғандықтан, ғалымның жатқан жері де күні бүгін жұмбақ болып қала бергені…

Ал, көк төбеден шаңырақ көтерген Көктоғай кені арқылы қытай свет одағынан алған, миллярттағанн қарызын қайтарғаны архив беттерінде жазулы тұр… кен күні бүгін жұмыс істеп тұр. Бірақ, Қытай жазған кен тарихында Кеншеннің аты мүлдем жоқ. Жазбайды да. . .

Қуаныш Ілиясұлы

Arqau . kz