Ұзақ отырып Телевизор көру. Бірнеше сағат отырып телевизор көру жүрек ауруының қозғалуы мен миға қан құйылу хаупын жоғарылатады. АҚШ Нью-Йо́рк университеті медицина орталығының мамандары күні бойы телевизор алдында отырмай, түрегеліп әрекет жасау қажет екенін айтады.


Тұйық мінезден арылу. Қысым және түңілу сынды көңілкүй өзгерісі жүрек ақаусыздығына тиімсіз. Рухани қысымды көңіл түкпіріне жасырып, қоғамнан оқшауланған адамның жүрек ауруына шалдығу қаупі өте жоғары болады. отбасындағылармен, достарымен жақсы қарым-қатынаста болатын және қоғамдық байланысы жақсы  адамдар ұзақ өмір сүреді екен. Мамандар көңілкүй жабырқаңқы кезде жақын досыңды тауып ақтарыла сыр шертуді ұсынады. 

Қорылдауға немқұрайды қарау. Қорылдау да белгілі бір жақтан денсәулықтың ауыр дәрежедегі көмескі қатері болу мүмкіндігі бар. Ол қан қысымының шұғыл жоғарылауын келтіріп шығарады. Дене салмағы қалыптан тыс жоғары немесе семіз адамдардың ұйқықтап жатқан сәтте тынысының уақытша тоқтау қаупіне ұшырауы жоғары болады. Үнемі қорылдайтын, оянғанда шаршап тұрғандай сезінетін адамдар, ең жақсысы, емханаға барып тексерілуі керек. 

Темекі шегу, арақ ішу. Арақты мөлшерден артық ішудің қан қысымының, қан қоюлығының жоғары болуы және жүрек қалжырауы қаупінің жоғарылауы арасында белгілі байланыс болады. Спириттің құрамындағы нормадан артық жылу дене салмағын жоғарылатады да, жүрек ақаусыздығына қауіп төндіреді, темекі тарту жүрекке ауыр зардап әкеледі. 

Беталды  азық-түліктерді жеу. Қант және май құрамы жоғары, витамин, минерал және белок сынды қоректік заттардың мөлшері өте төмен азықтықтарды көп жесе, семіздікке және қантты несеп ауруына шалдығу қаупі жоғарылайды.
6alash ұсынады