Ғарышқа жеткен «Қарағым-ай» әні
Қуаныш Ілиясұлы


Қоңыр Гитарасін көтеріп, көнсерттік сапарда, сал дәурен салбурында жүрген Нұрлан Өнербәевқа Жеркіндікке дереу жету бұйырығы түсті. Иә, қазақ ықылымда «Жер кіндік» деп атаған қасиетті топырақ, Қызылордағы Байқоңыр. Бүгінгі ғарыш айлағы еді. Бабаларымыз жерді «Домалақ» дегеннен гөрі, «Жұмыр жер» деп көп атайды. Сондағы жұмыр жердің сентірі, жеркіндігі осы Байқоңыр екен… Байқоңырдан ұшқан Зымыранның ғарышқа жетуі тез әрі хаупы аз. Экономикалық жұмсалым да төмен екенін айтады ғалымдар. Байқоңырдан ұшқан зымыранға қарағанда, Әмерикадан ұшқан зымыран он бір есе артық күш жұмсайды! міне, қараңыз кереметті…
Осы жер кіндіктен қазақ тарихында екінші болып, 1991-жылы ғарышқа аттанған Талғат Мұсабаев қазақтың қара Домбырасын қолтығына қыса ұшқан болатын. Батыр ұл ғарышта жүріп, жермен тілдесті.

Жеркіндіктен әннен сәлем жолданды. Әнді, ту Алыстан асыға жеткен Нұрлан Өнербәев шырқады. Ән Кеңес Дүйсекеевтің әні "қарағым-ай "әні еді. Ғарышқа жеткен "қарағым-аймен "толқып, тебіренген Талғат көзіне ыстық жас алды. Сыбызғыдай сарынды, самалдай майда Нұрлан дауысы ғарыш әлемін шарлап кетті…
Қазақтың ғарышкер ұлдарына жаратушы өзі ерен қуат берген-ау! Тоқтар, Талғат, Айдын сияқты үш батыр, қазақ даңқын ғарышқа жеткізді. Солардың ішінде ғарыш әлемінде ең ұзақ айналған Талғат Мұсабаев еді… ендеше, Талғат қуат алған, күллі қазақ халық әніне балаған "қарағым-ай "кімнің әні…?
Композитор Кеңес Дүйсекеев көп балалы отбасында өскен еді. Көп ұл ішінде жалғыз өскен Күлшәт әпкесі ұстаз болу мақсатымен педагогикалық жоғары оқу орнында оқыған. Өкінішке қарай, он тоғыз жасқа қараған шағында ол кенеттен қайтыс болады. Артынан О дүниеге әкесі аттанады. Кейін Кеңес Дүйсекеев ержетіп, өнерге бет бұрған тұста, әпкесінің рухына тағзым жасау ниетімен ән шығаруға бел буады. Ән ұзатылып бара жатқан қызға арналған ән болуы тиіс деген ой келеді. «Егер де әкем мен әпкем тірі болғанда, әпкем өз серігін тауып, өз босағасынан ұзатылып бара жатқанда, әкем ақ батасын беріп, қызына осы әнді айтар еді» деген ойлартолқытады.
– Мен "қарағым-айды "жазған кезде елдің бәрі:
О, Дүйсекеев қайтадан ғашық болыпты-десіпті. Ал, негізі бұл туынды әкенің қызын тұрмысқа беріп жатқан кезде айтатын әні. Қызымен қоштасу ретінде орындалатын шығарма. Менің достарым қыздарын ұзатқан кезде осы анды айтып, еңіреп жылағандарын көрдім. Кейбір кезде бұл әнді қазақтың халық әні деп айтып жатады. Ол композитор үшін үлкен бақыт шығар-едиді Кеңес аға. Бұл әннің сөзін ақын Шомышбай Сариев жазған. Алғаш орындаған әнші Нұрлан Өнербәев.

Я, «Қарағым-айды» Нұрланнан кейін мұратына жеткізген Димаш Құдайберген болды. Бұл туралы кеңес аға:
– Димаш "қарағым-ай "анын орындап болғанда, қалай тұрып кеткенімді білмеймін. Шақырып бетінен сұйдым. Оған жаратқан дауыс ғана емес, жүрек, зейін, ақылды бас берген. Аман жүрсін! менің жүрек үнімді жеткізді-деген еді! ендеше, ән иесі Кеңес Дүйсекеев кім?
Кеңес Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер Қайраткері. Алматы консерваториясын бітірген. 1974-1976 жылдары "гүлдер "ансамбльінің бас дирижері және музка жетекшісі, 1976-1979 жылдары "қазақвконсерт "гастролдык-көнтсерт бірлестігінің музка жетекшісі, 1975-1984 жылдары қазақ теледидарі музка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен "тамаша ", "Халық-талант қайнары ", "Шабыт ", "жастарға арналған музікәлық кештер ", "музка әлемінде "тағы басқа теледидарлық бағдарламалар шығарылған.
1984-1997-жылдары Қазақстан мемлекеттік телерәдиө көмитеті эстр адалық-симфония оркэстрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1997 жылдан "қазақ көнтсерт "гастролдык-көнтсерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол- "толғау "симфониясының, "жалаңтөс батыр "симфония пөемә-кәртинәсінің, "О, дүние "кәнтәтәсінің, "жыл мезгілдері "романстар тсиклінің, "мәди ", "аққу Жібек "миюзиклінің, "алдар көсе "өпереттәсінің, симфония-көнтсерттер, аспаптарға арналған көнтсерттер, камерәлық оркэстрге шығармалар, соната, рапсодия, вариятсиялар және 200-ден аса әннің авторы. Өнер көгінің бір жұлдызы Кеңес аға 2020-жылы бақиға аттанды.
«Қарағым-ай,
Сұлулық осындай болады екен,
Бір басқа армансыз қонады екен.
Адамдар өмірге қонақ екен,
Шынымен бұл дүние шолақ екен.

Қарағым-ай,
Еліктер осылай жосады екен,
Жолыңнан сені кім тосады екен?
Бұл көңіл неліктен босады екен?
Бұл тағдыр сені кімге қосады екен?

Қайырмасы:
Қарағым-ай,
Қиылып, үзіліп қарадың-ай,
Қараған қандай сұлу жанарың-ай!

Қарағым-ай,
Бұл өмір осылай өтеді екен,
Сүймесең дүние Бекер екен.
Парақтап жинасаң, бар ғұмырың
Бір сүйген күніңе-ай жете ме екен?

Қайырмасы:
Қарағым-ай,
Қиылып, үзіліп қарадың-ай,
Қараған қандай сұлу жанарың-ай!

Әр сөзінде мән, әр сөзінде қимастық, сағныш, өкініш, мұң бар. Аса құдыретті мәтін!
Я, ғарышқа жеткен "қарағым-ай "…сен, халық әніндей ыстықсың! сен біз айта алмаған, айтсақ та жеткізе алмаған жан әлемнің үнін жеткіздің. Мамырла, қалықтай бер "қарағым-ай "!
2020. 10. 20