Студенттерді университетке емтихансыз қабылдайтын бір ел бар, ол-Израиль. Ғажап!

Еврей халқыында мындай ғажап әдеттер бар.

  1. Бала ана құрсағына біткен күннен бастап әкесі кітап оқып береді. Егер әкесінің уақыты болмаса анасы дауыстап кітап оқу арқылы іштегі балаға “нәр” бере бастайды.
  2. Еврейлер балаларына өз ойларында қандай бір сұрақ болсада мұғалымнен қорғанбай сұрауды тапсырады. Білім аламын деген адамға ешбір сұрақтың оғаштығы жоқ деп санайды. Сондықтан кластағы балалардың шу-шу етіп сұрақ жаудырып жатуы табиғи құбылыс.
  3. Университетке өтуді номермен бағаламайтындықтан оқушыларда, мұғалымдерде ешқандай стрес болмайды. Үнемі еркін талқылар ұйымдастырылады.
  4. Әрбір оқушы мектеп тамамдағаннан кейін ұл-қызына қарамай 3-жыл әскерлік міндет өтейді. Сол міндет өтеу кезінде оларды шыңдап, дербес тіршілікке тас-түйін дайын етумен қатар отансүйгіштікті жан-дүниелеріне сіңіреді, сосын көп ақша сыйлық беріп қайтарады.
  5. Ақшалай сыйланып қайтқан жастарға енді жыл бойы әлемді шарлап шығу, жер кезіп, ел көру міндеті беріледі. Бұл шақта көп азаматтардың өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасып, өмірін өзі жоспарлауға толық мүмкіндігі болар еді.
  6. Әлем кезіп, дүниені көріп оралған жастардың қандай кәсіп таңдап, өзіне қандай мақсұт қоюына ешкім қарсы болмайды. Ата-анасы тек жәрдемші рол ғана атқарады.

Осындай өзгешеліктері үшін Израиылде білім алу көрсеткіші аса жоғары. Ғалымдар саны, білім меншік ұқығы жағынан да әлемнің алдыңғы өресінде. Нобел силығын алушылар жағынанда көш бастап тұр. Халықының саны қазақпен қарайлас болсада Еврейлер экономикасы қазыр әлемді жаулап тұр.

-Ықылас Оразбай