Бақытбек Әшімханұлы

Қытай фото сурет қоғамының мүшесі, Қытай этнография фото сурет қоғамының магистрі, Шинхуа агентігінің ұсыныс етілген тілшісі, Қытай фото сурет авторлық ұқық қоғамының мүшесі, Қытай халықаралық фото сурет қоғамының мүшесі, ChinaPAS қоғамының мүшесі, Шинжяң фото сурет қоғамының мүшесі, Іле Қазақ Автономиялы облысы фото сурет қоғамының мүшесі, Алтай аймақтық фото сурт қоғамының орынбасар төрағасы, Буыршын аудандық фото сурет қоғамының төрағасы.

Қытай, Шыңжаң, Алтай аймағы Буыршын ауданы Емегейті – Шажағайты жайлауы, арал жайлауы, өрмегейті жайлауы т.б. Алтай тауларындағы жеті үлкен жайлаудың бірі саналады. Теңіз деңгейінен биіктігі 1300-3500 метір. «Емегейті» атауы тегінде «Төрт түліктің төлі енесін ембейді» деген сөзден шыққаны айтылады. Балақ тауларының шөбі ұзын балауса келсе, биік тауларының шөбі сірік, қысқа болғандықтан жұғымды келеді. Мал түліктері Емегейті жайлауына ілінген соң-ақ төлдері енесін ембейді. Өрістен қайтқан қой-ешкінің, сиырлардың, түйе-биелердің емшегінен сүт ағып тұрады. Кейін жұрт аузындағы «Төл енесін ембейді» деген сөз «Емегейті» атауына өзгеріп кеткен екен. Емегейті жайлауы − Қом мен Қанас көрініс районның ортасындағы биік таулы алқап. Мен осы бір қасиетті жайлаудың күзгі көрінісін, ондағы малшылардың тұрмыс тіршілігін, көші-қонын суретке түсірдім...

6alash ұсынады