Ел тәуелсіздігіне екі ұшақ сыйлаған қазақ кім. . .


Қазақ тарихында астындағы атын түсіп беру, шаңырақ салар атанын жетелетіп жіберуди жомарттықтар көп болған. Ал, қалтасындағы қаржымен туған еліне ұшақ тарту ету тым саусақпен санаулы ғана. Соның алғашқысы Қажымұқан балуан.

Қажымұқан Мұңайтпас

"Қажымұқанның "қырғи ұшағы "деп аталған бұл ұшақты балуан 1944-жылы тарту еткен. Ұшақ сыртына "қазақ ұшқышына-Қажымұқаннан "деген жазу жазылған. Екінші дүние жүзілік соғысы жылдары палуан Қажымұқан мемлекеттік қорғаныс комитетіне жазған хатында өз өнерін көрсетіп, содан түскен 100 000 сом қаржыға ұшақ жасау туралы өтінішін білдірген. Ұшақ 1944-жылы күзде дайын болып, аға лейтенәнт қ. Шалабаевқа тапсырылады. Ол соғыс барысында бұл ұшақпен 100 ден аса әскери тапсырма орындаған. 1945-жылы 24-маусымда мәскеуде өткен жеңіс шеруінде Қажымұқан ұшағы әуеге тағы да көтерілген екен. Ұшақ жасауға қаржы берген Қажымұқанға Сталин өз атынан алғыс хат жолдаған.

Қажымұқан тарту еткен ұшақ

Ал, екінші ұшақты сыйлаған қытайдағы қазақтардан шыққан жомарт Бай Басбай шолақ ұлы. Ол Қытай Шыңжаң өлкесі Тарбағатай аймағының тұңғыш уәлиі болған.

Басбай Шолақұлы

Қытайша шыңжаң газетінің 1951-жылы 9-айдың 18 күнгі санында, «Тарбағатай аймағының уалиы Басбай шолақ ұлы, Америкаға қарсы тұрып, Чаушянға көмек беру науқаны кезінде 10 мың бас қой, бір соғыс ұшағын берді» деп жазылған.

Басбай тарту еткен соғыс ұшағы

Міне, осы жұмарттық, асқан мәрттік осыдан 50 жыл өткенде қазақ дааласында қайта жаңғырды. 2001-жылы Қазақстан респобыликасы егемендігінің 10 жылдығына бір емес, екі бірдей ұшақ сыйлаған Серікқазы Қайырлы ұлы екенін білеміз бе?  білсек те, білместікке салынп жүргендейміз. . . Бұрын сыртынан ғана білетін Секеңмен дәм тартып, ойда-жоқта Өскеменде жолығып әңгімеде бола қалдым. Нағыз елім, жерім деген, көкірегінен жусан иісі бұрқырап тұрған азамат тым кем сөзді, мақтануға жоқ. Істеген ісін айтуды ар санайтын мінезі ұнап отырды. Сүйтсе де, екі ұшақтың әңгімесін қоймай айтқыздым. . .

Серікқазы Қайырлыұлы

– Бауырым, ер азаматтың істеген ісін, өзі емес ел айтқаны жақсы. Өтіндің ғой айтайын. Қазақстан республикасы егемендігінің 9-10 жыл құрметіне, інім Болатхан Қайырұлы екеуыміз екі жеңіл ұшақ ұшырдық. Себебі, мұндай жеңіл ұшақ Қазақстанға өте керек еді. Жастарды оқыту, тәрбиелеу, мемлекетттік әскерге дайындау және спорт, ауыл шаруашылығына тағы басқа көп сала үшін кем болса, болмайтын техника болатын. 
Біз 3 жыл уақыт жұмсап, 2001-жылы екі ұшақты сәтті ұшырып, арманымызға жеттік. Бұған көп азаматтар ат салсты. Ұшақ жеңіл де, қолайлы болуы үшін Москва мен Томск қаласынан материялдар әкелдік. . Новосийрск қаласында СИБНИИА авияция заводы сертификат беру орнымен 3 жыл жұмыс жасадық. Сонымен Өскемен қаласының жанында алғаш рет өзіміз жасаған қазақ ұшағы көкке көтерілді атын "Қарлығаш" деп бауырым Болатхан атады, Баурымыз екеуіміз қаражат шығардық . Сынақ барысында саптасымыз летчик испытатель ДОССАФ директоры  Нетунаев.А.А  мырза қайтыс болып та кетті. Новөсибирск қаласынан еки инженер келіп мәнуерге қатысып «Өте жақсы ұшақ» деп жоғары бағасын берді. . Бұл ұшақпен Өскемен мен Тарбағатай ауданы орталыққа бір сағат отыз минута ушып жетуге болады. Я, сол кезді ойласам әлі де әсерленем. Бейне жазба, фото естеліктер әлі сақтаулы. Сол уақытта қолдау болғанда, бұл күнде 4-5 адам отыратын ұшақтар шығарып, суғада қонып ұшыатын ұшақтар болушы еді. . . -деп әңгіме тізгінін тартқан ағамыздың жанарынан сол баяғы Алатаудай арманының үзігін көргендей болдым. . .

Айта кетсек, Серікқазы Қайырлыұлы Тарбағатай Тұғыл ауылында (поселок.Приозерное) өңірінде 1965-жылы 1-айдың 1-күн Туған. Қазыр жеке кәсіпкер. Тарбағатай киелі топырақ. Қазақтың алғашқы летчигі Малдыбаев. Ж де Зайсан Тарбағатайдан шыққанын да мақтанышпен атар едік. Ағайындылар жасап ұшырған ұшақты мұражайға сұраған. Бірақ, оны жаңғыртуға аухымды қаражат керек. . . .

Я, ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейінде бұл әңгімені жайдан-жай қозғап отырғамыз жоқ. Тәуелсіздікке үлес қосуды бағамдасақ, Серікқазы Қайырлыұлындай үлес қосқан кім бар?  тәуелсіздікті өз қолынан ұшақ жасап, ұшырып ұлағаттаудан артық тарту боларма?  нағыз елдікті қадырлеу мен ұлт рухын көтеудің символы деген осы емеспе. . .

Ендеше, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығында еңбегі еленіп, марапатталып, кеудесіне жарқыратып өрден таққандардың қатарында Серікқазы Қайырлыұлы, Болатхан Қайырлыұлы бар ма екен?  біз кімдерді?  қандай Еңбекті, қандай үлесті бағалап жатырмыз? ел тәуелсіздігіне, басындағы баспанасын, астындағы көлігінедейін сатып, өз қолдаымен ұшақ жасап тарту еткен ағайындылар қазыр қайда? жағадайын білдік пе....?  тәуелсіздік-құр сөзбен тәуелсіздік емес. Шынайы іспен тәуелсіздік әрі мәңгілік!  

Қазақтың алғашқы сұшағы лайықты орын таба алмай қаңсып тұр....

Қуаныш Ілясұлы (ақын, журналист)
2021. 12. 14

6алаш ұсынды