4 ақпан. Бүгін - дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні.

Өкінішке қарай әлемде онкологиялық індетке шалдыққандардың қатары азаймай тұр. Жыл сайын жер бетінде 9 миллион адам көз жұмады. Қазақстанда да жағдай мәз емес. Елімізде РАК ауруы ең көп кездесіп отырған төрт өңір бар. Тізімді Шығыс Қазақстан обылысы бастап тұр. Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды обылыстарында да қатерлі ісікке шалдыққандардың саны көп.

Жылпы былтырғы жылдың өзінде елімізде 36,345 адам қатерлі ісікке шалдыққан. Бұл 2018 жылмен салытсырғанда 4117 адамға көп. Былтыры бұл кеселдің кеселінен 14,060 адам көз жұмды. Ал, ел бойынша онкологиялық есепте тұрғандардың саны 180 мыңнан асып жығылады. Ісік ауруына шалдықғатындардың көп бөлігі жастар, яғни еңбекке жарамды жас шамасындағы адамдар.

Онкологиялық аурулардың ішінде 1 орында – сүт безі қатерлі ісігі, 2 орында – өкпе қатерлі ісігі, 3 орында – асқазан қатерлі ісігі, 4 орында-жатыр мойны және тоқ ішек қатерлі ісігі тұр.

Қатерлі ісік әлемдегі өлімнің екінші негізгі себебі. Бүкіл әлемде алты өлімнің біреуі қатерлі ісіктен болады.


Айта кетейік, 4-ақпанды "онкологиялық ауруларға қарсы күн" деп белгілеуге мұрындық болған "Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі халықаралық одақ". Бастама да, идея да солардікі. UICC-ұйымының басты мақсаты - адамдарды онкологиялық аурулардан сақтандыру, аурудың алдын алып қана қоймай, оны дер кезінде анықтап, емдеуге жербеті дәрігерлерінің жауапкершіліктерін арттыру. Сонымен қатар, ауыр дертке шалдыққандарға психологиялық көмек көрсетіп, оңалту жұмыстарының сапасын жақсартуға атсалысу және осы ауру түрімен күресуге айрықша көңіл бөлуі үшін әр мемлекетті үгіт-насихат шараларын көптеп өткізуге үндеу.


6alash ұсынады