Бауыр - организм денесіндегі ең ірі без. Ғылымның дәлелдеуінше, бауыр организмдегі зат алмасу процессіне қатысып, қоректіктерді өңдейді. Түрлі уытты, биологиялық белсенді заттар да бауыр арқылы сүзіліп, залалсыздандырылады екен. Бауырдың қанды реттеп, оның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы да өте зор. Қоршаған ортамыздың бұзылуы және тамақ сапасының нашарлауына сай, бүгінгі таңда бауыр ауруларына шалдыққан адамдардың саны күн санап көбейіп келеді.

«Ауырып ем іздегенше, аурмайтын жол ізде» дегендей, денсаулықты қорғауға, бауыр қызметін жақсы ұстауға ертерек мән берген дұрыс.

Медицина саласының қатысты деректеріне жүгінсек, бауырды қорғаудың және оның қызметін жақсартудың, бауыр сырқаттарының алдын алудың ең қарапайым жолы ретінде мына бір қанша тәсілді ұсыныпты.

  1. Бір кесе таза суға лимонның тең жартысын қосып ішіңіз. Лимон шырыны бауырдағы барлық зиянды зәр, уытты шығаруға көмектеседі. Сонымен қатар, лимон денедегі артық майдың ыдырауын тездетіп, семірудің де алдын алады.
  2. Сарымсақ пен жуаны жиі жеуге тырысыңыз. Бұл екеуінің исі сізге ұнамауы мүмкін. Алайда, сарымсақ пен жуаның құрамында адам ағзасындағы артық заттарды сыртқа шығаратын пайдалы элементтер бар. Сонымен қатар, сарымсақтың бактерияларды өлтіретін қасиеті де бар.
  3. Алатікен өсімдігін қайнаған суға шылап ішуді әдетке айналдырыңыз. Алатікен бауыр клеткаларын улы заттардан қорғайды. Қазақ, Тибет медицинасында алатікен бауырдың ыстығын қайтарып, ерін кеберсу, іш қатудың алдын алады делінген.
  4. Көкөністі, С дәруменіне бай органикалық азықтақтарды көбірек тұтыныңыз. Құлпынай, лимон, жасыл бұршақ, апельсин, қызанақ, бүлдірген, жалбыз, аскөк, қырыққабат, көкөністердің құрамында С дәрумені және бауырға пайдалы элементтер көп. 
  5. Бақбақ жапырағын қайнаған суға шылап ішіңіз. Қытай медицинасында (шөппен емдеу) бақбақ бауыр қызметін жақсартып ғана қалмай, рактың да алдын алады делінген.
  6. Дәріні беталды ішпеңіз. Әрқандай дәрінің ауруға шипа болуымен қатар, кері әсері де бар. Әсіресе, ауруды басатын дәрілердің бауырға залалы көп.                                                      
  7. Күніне бір алма жеңіз. Алманың құрамындағы гиликоза адам денесіндегі энергияны толықтап қана қалмай, бауыр қызметін реттеуге орасан зор пайдасын тигізеді екен.

Мұнан сырт, арақ-шараптың, түнде жәй ұйықтаудың, спортпен айналыспай, артық салмақ қосудың да бауырға салар салмағы ерекше. Сондықтан, салауатты өмір салтын ұстанып, бауыр қызметін қорғауға қашанда мән берген дұрыс.

Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ

6alash ұсынады