БАБАДАН ДАРЫҒАН ДАРАЛЫҚ

  Нұрғажет Қапақұлы 

Қазіргі қытай жері Алтай беті күллі Абақ керейдің туып өскен ата мекені. Талай заңғар тұлғаларды тудырған алтын құрсақ, Алтайдың бір туар тумасы Әди Тұрар ұлы 1932 жылы Ботақара руының сүйікті мекені Алтайдың Алақақ ауылында дүниеге келген. Әди Ботақара батыр Тыныбек Нұра әулетінен тарайды. Абақ керейдің тұңғыш биі атақты жырауы, Ботақара Тыныбек Нұра әулетінен Шәу(жырау) Апашұлы ,Атақты төкпе ақын Төлеубай Бөжекұлы, жаны жомарт кең пейілді атағы жер жарған бай Шәку Есілбай сынды ұлы тұлға аталарының қасиеті дарыған, Әди балалық шағы өзінің ата мекені Алақақта өтті. Бастауыш сыныбын сол Алақақ ауылындағы Ботақара мектебінен бастады.

Әдең өзінің туа бітті дарынымен азаттықтан кейін қоғамның әр саласында қызмет етті. Сол кезде Алтай ауданның Алақақ ауылының мал шаруашылығына жауапты бастығы болды.

Кейін келе Қарашілік ауылдық болып бөлінген кезде, Қарашілік ауылдықтың орынбасар секыратары, мал шаруашылығына жауапты секыратары, ферма бастығы болып және Алақақ мал шылығының бастығы болып қоғамның әр саласында қырық жылдан астам басшылық қызметін атқарды. Біз оның қызымет өмір әмәлиятынан қортындылағанымызда оның өмірі халық үшін тер төккен. Сондай ақ түрлі бұраң жолдарды  басып өткен. Сын сағаттарында сыналған өмір деп қараймыз. Ол қоғамға сіңірген іскерлігі, шөгелділігі, сондай-ақ халқына болған шексіз адалдығымен танылды. Оның  тума алғырлығымен, ойға орамды, тап бермеде сөз сақтағыш шешендігі, сондай ақ естігенін есте сақтау  сақтағыш қабілеті, ұйқасты баталары мен оның шешімін табуы, кісіні ойландыратын жұмбақшылығы оның елден ерек даралығын әйгілейді. Төменде оның ұрпақтарға қалдырған ұлағатты мұрағаттарынан бірер шумақ көрсетуді жөн санадық.

1980  жылы Алақаққа қарасты Ақтай жайлауын Жеменейге бөліп бермек болып, аймақ басшыларынан Қадыс Уәли, мал шаруашылық мекемесінің  бастығы Байғали, Зейнулла, Алтай ауданның әкімі Ғалым, Жеменей ауданының Әкімі Бәтимолла қатарлы басшылар басқарып ашқан жинға Әди де қатыстырылды. Түскі тамаққа Жеменей ауданның малшылық кеңсесі қонақтарға ет тартады. Қонақтар бата кезегін Әдиге ұсынады. Сонда Әди’

Көрмедік қойдың түр- түсін,

Басы келді қиқиып,

Көрмеген соң көз жетпес,

Жей берейік тымпиып.

Тірі қайдан көрінсін,

Отырған елге миқиып,

Момын елді зарлатпай,

Батимолланың көңіліне,

Берсін алла тәуфиық.

Келіп қалдық дәм тартып ,

Жеменейдің еліне,

Тіккен екен кеңсесін,

Алақақтың жеріне.

Сұрамай келіп қонған соң,

Ата мекен Ақтайым,

Батып отыр беліме ,

Ойдағыны айтқанғой,

Аудан, аймақ басшысы.

Ауыр алма көңіліңе,

Бата істейтін Башүйжаң,

Зәкең отыр басында,

Ұялмай бата істедім ,

Осылардың қасында,

Аудан , аймақ басшысы,

Мал баққан момын малшының,

Қалмаңдар көз жасына,

Бәріңде қол жәйіпсің ,

Беттеріңді сипаңдар,

Батама менің қосыла.

Аллаһуакбар- , деп бет сипапты. Сонда Жеменейдің Бәтимолласы бата деген дау емес қой- депті.

Батаға разы болған басқа басшылар беретін жәйлауды басқа жерге өзгерткен екен. Осы кезде Бәтимолла соңғы батаны тағы да Әдиге ұсынған екен , сонда Әди

Аймақтан ал Башианжаң,

Байитұғын батаны,

Білгенмді Айтамын,

Түзете бер қатені,

Шаршап келдік ат соғып,

Әди енді жатады , аллаһуакбар- , депті.

Әди осы топтан тарап келе жатып, жездесі болып келетін руы шеруші Әбілханның үйіне түсе,Әбілқан ұйқтап жатыпты,сонда Әди

Ассалаумағаләйкум ,Әбілқаным,

Шеруші қанішерсің елге мәлім ,

Айырылып Ақтайыңнан қала жаздық,

Қаперсіз жатқаның бұл не қылғаның, депті.

1981 жылы маусымда Алтай ауданы Әбитан Гүңшесі орта жайлауында мал шаруашылығы жиынна шақырып, гүңшылардың малға жауапты басшылары қатынасып, қонақасыға арықтау кәрі тоқал сиырға бата сұрапты сонда Әди

Шақырған соң жинға,

Келіп қалдық шабыспен,

Әбитанның малы өссін,

Бәсекелі жарыспен.

Аудан ашқан бұл жиын,

Мақсатына қол жетіп,

Аяқтасын табыспен,

Сойғалы тұрған бұл сиыр,

Сарытоқал екен жануар,

Қара кесегіне пікір жоқ,

Майы қайдан табылар,

Көп қайнамай жұмсармас,

Қазанға ерте салыңдар,

Тісі барлар шайнайды ау ,

Тісі жоқтар қағылар, аллаһуакбар- депті.

Алтай қаласында ашылған тағы бір жиында ет тартылмай, сопақ табақты балық келіпті, отырғандар не дер екен деп бата жолын Әдіге беріпті, сонда Әди

Салыпты сопақ табаққа,

Бата қайда шабаққа.

Байқап жеңдер жігіттер,

Тұрмасын қылтан тамаққа, деп балықтың басын басқаларға қаратып итере салыпты.

1981 жылы Әбитан ауылдық қарулы бөлім кеңсе құрлысы бітіп, лентасын қиюуға әрқайсы ауылдардан басшылар шақыртылыпты, сонда әрқайсысы ауыл басшыларынан Шәймардан Тоқтарбай, Шақабай, Қуанышбай қатарлы адамдар келіп, тамақ батасын Әдиден сұрапты, сонда Әди

Алақақтың Шәкесі ,

Керейдің едің әкесі,

Сіз берсеңіз батаны,

Болмас еді қатесі,

Балбағайдың тоқасы,

Жеріңнің егіз жотасы.

Сіз берсеңіз батаны,

Болмас еді оқасы,

Сарықусынның қуысың,

Жәнтекейдің туысың,

Алдыңа табақ келгенде,

Шықпайды неге дыбысың,

Дұшпаның тұрсын қалтылдап,

Құралың тұрсын жарқылдап,

Жақсы ужаңбу салыпсың,

Босаға жаз алтындап, аллаһуакбар- депті.

1976 -жылы Алтай ауданы басшылары екі топқа бөлініп егін мал Шаруашгылығы салыстырып бағалау жүргізіп, соңында шірікши фермасында бас қосып қортынды шығарды. Кешкі қонақ асында батаны тағы да Әдиден сұрады сонда Әди

Дәй шужи бастап бір топты,

Салыстырып бағалап,

Қа шианжаң келді бір топпен,

Қыран, Ертіс жағалап.

Алты гүңші , төрт ферма .

Болып қалдық аралап,

Алдыға табақ келгенде,

Бата істе деп барлығың,

Отырсың мені ағалап,

Бір фермамыз шірікши,

Күздікүні болғанда,

Таудай етіп өнім жи,

Озат болып жыл сайын,

Сахынадан алсын сыи,

Автономға барғансың,

Талай жүлде алғансың,

Қолдан бермей жүлдені,

Жылдан жылға жалғансын,

Көп егіпсің күрішті,

Ауылың болсын ырысты,

Жаңалыққа қол бастар,

Басшың болсын тынысты,

Бастығың сенің Мәдиді,

Аудан халқың таниды,

Артық айтсам сөкпеңдер,

Мына жаман Әдиді,аллаһуакбар -депті.

Тағы бір жолғы салыстырып бағалауда Әди жасы да, жолы да үлкен Кенжебай шужиды бата жасасын десе басқалар болмай Әдиге жасатады, сонда Әди

Басшылар бастап біз жүрміз,

Әр орынды бағалап,

Алақақтан бастадық,

Шеміршекті аралап,

Әбитанға келгенде,

Бата істе деп барлығың,

Отырсыңдар қамалап,

Білгенімді айтайын,

Әліме қарай шамалап,

Әуелі бата берейін,

Әбитанның асына,

Қалған екем отырып,

Үлкендердің қасына,

Жүлделі болсын ауылың,

Бақыт қонсын басыңа,

Болашақ нұрлы, жол бұраң,

Ілгерлеңдер асыға,

Ала алмай қалсаң жүлдені,

Азаматтар жасыма,

Жайқала өссін егін шөп,

Жаңбыр жаусын сорғалап,

Мол үнімді жырлауға,

Қалам тұрсын жорғалап.

Көбірек толғап айтуға,

Жасы үлкені қасымда.

Кенжеден қалдым қорғалап, аллаһуакбар- депті

2003- жылы Қарашілік ауылдық үкіметі жаңа ғимаратқа көшіп кірісіп, ауыл ақсақалы Әдиден бата тілейді. Сонда Әди

Кеңселерің болсын ырысты,

Жігіттерің болсын тынысты,

Биіктерге ұмтылып,

Жақсы істеңдер жұмысты,

Ілгерлеп озып шығыңдар,

Ақылды сөзде ұғым бар,

Бастан кешкенді айтайын,

Керегін алып ұғыңдар,

Алтай менен сауырға,

Малды баптап баққанбыз,

Іргесін қалап ауылдың,

Қазығын мықтап қаққанбыз,

Көшті бастап қырық жыл,

Атқа мініп шапқанбыз,

Ашты менен тұщтының,

Дәмін түгел татқанмыз,

Кедергіге кез болып,

Оның да дертін татқанбыз,

Құтыла алмай пәледен,

Сарпалдаңды басқанбыз,

Әділдік таппай бір кезде,

Талайға жағдай айтқанбыз,

Тұғырдан түсіп қартайып,

Дем алып үйде жатқанбыз,

Отбасында жатсақта,

Талайға ақыл айтқанбыз,

Болашақтың иесі,

Жастарға үміт артқанбыз,

Арынды қолды сермеңдер,

Көз көрмесе сенбеңдер,

Көрініп дайым көнбеден,

Жүлдені қолдан бермеңдер! аллаһуакбар- депті.

Әди өз теңдестерімен кеңес құрғанда үнемі жұмбақ құрап айтып, олардың жауабын таба алмай тарықтырып қоятын көрінеді. Әдидің жұмбақтары мазмұны жағынан өрескелдеу сезілгенімен, жауабы үйлесімді келіп отырады. Мысалы:

  • аузы қара, қара бет,

Іші қызыл қиямет,

Сулап салдым ,

Суырып алдым, бұл не? / ШЕШУІ\ (тонар, нан)

  • Іші қызыл, Сырты қара,

Кіріп шығып жүреді,

Қайқыбас қара бала,бұл не? \ шешуі\( кәлеш,мәсі)

Әдидің кез келген жерде айтып кеткен арнау, толғау, өлеңдері өте көп. 1956- жылы қоналқыға жете алмай Қапыш деген кісі екеуі мәлім бір үйге қонбақшы болып барғанда, әлгі үйдің әйелі қондырмай қуады. Ертеңінде Әди он шумақ өлең жазып, қайнағасына беріп кетеді.

Оның сондағы қысқарған нұсқасы мынау екен

Айқайлап қара қатын сыртқа шықты,

Айқайды естіп аңырып бұға қалдым.

Сөзіне құлақ салып ұға қалдым.

Қаңғырғын кімсіңдер деп ақырғанда,

Таңданып жауап таппай тұра қалдым.

Жазығы Шойғатының бізге мекен,

Көріндік бұл әйелге неге бөтен.

Көрмеген қонақ қуып қайран қазақ,

Азғындап осылайша кетер ме екен....

Әді Алақақтың сол кездегі шежаңы Байдолламен бірге автобуста отырғанда,Байдолланы танымайтын бұл кім болады деп әбден сұрапты.Сонда Әди

Руы мұның жастабан,

Формы бөлек басқадан,

Алыпты тапқан анасы,

Маңдайы жазық қасқадан,

Танымасаң танып ал,

Алақақтың шежаңы,

Отыз жыл елді басқарған,

Көп жыл елді басқарған,

Көп жыл бастық болсада,

Жамандыққа баспаған,

Еселесіп келгенде,

Талайды артқа тастаған деп қолма қол жауап беріпті.

1983жылы Әди қалуын арасанына барып емделіп қайтқанда , сол кездегі аудан әкімі Зейнелге

Зе шианжаң бір жасаған дәуірміз,

Бір жерге қоныстанған ауылмыз,

Ауырып арасанға келіп едім,

Көлік жоқ жұртта қалды бауырыңыз...деген өлең хатты жазды, мұны дереу өз машинасын жіберіп Әдиді алыртады.

1979- жылы Шіңгілдің әйел ақыны Мәтіқанға жазған алты шумақ өлеңінде…..

....Әйел шіркін емеспе көздің құрты,

Жақсы деп көп мақтаймыз мінез құлқы,

Сондада ойпыл тойпыл боп жүресің ,

Секілді жазғытұрымғы жәйдің бұлты.....

Әди ақсақалдаң ел ішінде айтылып жүрген бата,өлеңдері, әзіл қалжыңдары, жұмбақтары өте көп.

Біз бұл арада тек оның бір бөлімін ғана беріп отырмыз. Ұрпақтардың құныттап, жинап кәдеге жаратуын үміт етеміз.

Міне осындй бабадан дарыған даралығымен тарихқа аты қалған бір туар тұлға 1932 - жылы туып, 2006 - жылы өзінің ата мекені Алтайдың Алақанында қайтыс болды.

 

Материялын жинақтаған: Мәжит Қапышұлы

                                                   Нұрғажет Қапақұлы