Әнуарбек Байжанбаевтың дауысы


Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев(26.3.1923, Семей — 27.10.1989, Алматы) — диктор, Қазақстанның халық артисі (1973). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы елге оралғаннан кейін, Қазақрадиосына диктор болып орналасады. Алғаш эфирге шағын хабарландыру оқып шыққаннан (24.6. 1944) бастап өмірінің соңына дейін Қазақ радиосында, теледидарында (1958—1962) диктор, аға диктор болып қызмет атқарған. Эфирарқылы берілген республиканың тыныс-тіршілігі жайлы әр түрлі жаңалықтар, саяси хабарлар ұзақ жылдар бойы мыңдаған тыңдаушыларына Байжанбаевтың ашық та әуезді, кең тынысты үнімен жетті. С. Жақанова, З.Бекетова, Ж. Асқарова, М.Сержанов, М. Қуатбеков, Ә. Бөлебаев, т.б. қазақ дикторларына ұстаздық еткен. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған (1991).

6alash ұсынды