Ұйықтар алдында алақат жесе, түнде ауыз құрғаудың алдын алады.

Қазақ шипагерлігінде түнде ауыздың құрғауы көбінесе бауыр мен бүйрекке қан жетіспей, ауызға сілекей жиналмаудан болады. Алақаттың дәмі тәтті, салқын райлы, бауыр мен бүйректі қуаттандырып, көзді нұрландырып, көзден жас ағу, жөтел, шөлдеп көмекей құрғау сияқты ауруды емдейді.

Алақат бауыр мен бүйректі қуаттандырып, көңілді орнықтырады, ұйықтаудың алдында алақат жесе түнде ауыз құрғауды бәсейтіп, тез ұйықтауға көмегін тигізеді. Әдетте, ұйықтар алдында 10-30 грамм жесе үйлеседі. Зерттеулерде алақаттың қартаюдан, шаршаудан сақтап, қанның қант құрамын, май құрамын төмендететін ролы бар екені дәлелденген.

Сондықтан алақатты үнемі жесе, қанытты несеп ауруынан, жүрек ауруынан, бауырды май басудан, көз құрғаудан сақтайды. Алайда, қызуы өрлегенде, іш өткенде уақытша тоқтата тұрғаны жөн. Көкбауыры әлсіздер абайлап тұтынған дұрыс. 

6alash ұсынады