Ғұлама ақын Ақыт Үлімжіұлы өзінің ЕрЖәнібек атты дастанында:

Жазбадым мұның бәрін қазір мақтап,
Жазғаным тек біреуі тәуір нақтап.
Ол кезде сыр да жүрген керей елін,
Келіпті Жәкең кейін Алтай бастап.

Қазаққа қап тауындай қорған болдың,
Жауыңа жасыл тұсар зордан болдың.
Шайқаста тіреңді имей, дауда бермей,
Еліңді алтай бастап ордан келдің, - деді. Бұл жырдан керей елінің сыр бойынан орға барғанын, одан қайта шығысқа ауып, Сарыарқаны басып, алтайға келгенін аңғару қиын емес.

Жәнібек Бердәулетұлы ат жалын тартып мініп жорыққа аттанғаннан кейін бір мезет сыр бойында, онан соң ор, ырғыз өзендері аңғарында, едірей, арқалық тауларында, нұр өзені бойыда, кейін көксала, бақанас қатарлы жерлерде жүргені анық, ендеше ол жерлерде Жәнібектің ерлік істері, әрине, халық аузында сақталып келе жатқаны даусыз. Мынаны айта кеткен артық болмайды деп ойлаймын.

Ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы туған жер: Жәнібек батырдың әкесі Бердәулеттің інісі Кірдәулеттің баласы өгіз балуан – «Жидебай балуанның» атындағы жер болса, оның маңындағы Барлыбай-Керейдің Жәнтекей руының әйгілі батыры Барақтың немересі, кейін Керейге би болған Барлыбайдың аты екенін, Архат тауы Архат Бектасұлы батырдың Қауауыл шоқысы екенін әліге дейін аңыз етеді.

Шәміс Құмарұлы

6alash ұсынды