Ольга Токарчук Швед академиясы «2018 жылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегері» деп жариялағаннан кейін 15 минут өткенде Нобел академиясының медия қызметкері адам смис телефон арқылы жедел сұхбат өткізді. Ол осы сұхбат барысында аталған әдеби сыйлықтың өз өмірі үшін маңызды екені, бұл жаңалықты естігенде Германияда кітап көрмесінде жүргенін, орталық Европадағы «Демократиялық дағдарыс» туралы алаңдайтындарға осы әдеби сыйлықтың үміт ұшқыны екенін айтады.

"Ольга Токарчук: Орталық Европада демократияның құны түсіп кетті"

– Сәлеметсіз бе, есімім Адам Смис, Нобель медиясынан қабарласып тұрмын. Әдебиет саласындағы ең үлкен сыйлықты еншілеуіңзбен құттықтаймын!

– Рахмет! мен қазір сыртта сапарда жүрмін.

– Бұл жаңалықты қалай естідіңіз?

– Өте қызық жағдай болды, мен дәл қазір Германияда жүрмін. Нобель академиясының қызметкерлері 15 минут бұрын маған телефон шалып, Нобель әдебиет сыйлығын алғанымды айтты. Сол сәттегі қуанышымды айтып сөзбен жеткізе алмаймын. Шынымды айтсам, қатты толқып тұрмын. Дәл осы сәттегі тебіренген көңіл-күйіме қандай теңеу табарымды да біле алмай отырмын. Бұл мен үшін тосын әрі үлкен жаңалық болды. Әлемнің әр қиырынан мыңдаған телефондар мен құттықтаған хаттар келіп жатыр. Сол үшін сапарымды доғарып, бір жерге орнығып алайын деп ойладым. Мүмкін қонақүйге немесе басқа бір жайлы жерге.

– Әрине, мұндай жаңалықты, жан-жақтан жеткен құттықтауларды жол жағасында тұрып қабылдау да оңай емес екенін түсінемін.

– Иә, дұрыс айтасыз.

– Швед академиясы «Өмір формасы ретінде шекараларды кесіп өту» туралы айтып еді, сіздің дәл қазіргі сатыңыз осы сипаттаманы еске түсіреді...

– Әдеби жағынан ойласақ, шынында сай келетін сияқты.

– Дауысыңыздан қуаныштың лебі есіп тұрғандай...

– Әрине, мұндайда қуанудың өзі бақыт емес пе! Оның үсітіне мен Петр Хандкемен бірге әлемдік алпауыт сыйлықтың сахнасына көтерілетін боламын. Ол екеумізде орталық Европалықпыз, бұны тарихи жағдай деуге болады. Нобел сыйлығы орталық Европаға мойнын бұрды. Бұл жағдайды жақсылыққа балау керек.

– Орталық Еврөпа әдебиеті батыс Европа әдебиетімен салыстырғанда несімен ерекшеленеді?

– Бұл туралы көп айтуға болады. Бірақ менің ойымша, қазір орталық еурөпәдә демократияның құны түсіп кетті. Сол үшін біз өз жолымызды табуға, біздің қоғам дөп келген бұл мәселеге шешім іздеуге ұмтылыс жасап келеміз. Мұндай әдеби сыйлық қандай да бір жолмен әлемге жария етуге болатын мәселелерді айтуға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Біз өзіміздің әлі де белсенді екендігімізді, әлі де өз шындықтарымызды жаһанға жария ету қабылетіміз бар екенін, әлемге түсінікті бір нәрсе айта алатынымызды сеземіз. Сондықтан осы әдеби сыйлық менің өмірім үшін өте маңызды болмақ. Біздің қоғамдағы келеңсіз жағдайдан кейін мен Нобель сыйлығының жаңа академиясы тағайындаған алғашқы Нобель әдебиет сыйлығының иегерімін.

– Тағы да құтты болсын айтамын. Желтоқсан айында Стокголмда кездескенше күн жақсы болғай!

Сұхбаттасқан: Адам Смис

Ағылшын тілінен аударған: Дүйсенәлі Әлімақын

6alash ұсынды