БҰҚАР ЖЫРАУ:

Садыр қайда барасың

Сары суды көбелеп

Сен қашсаңда мен қойман

Арғымағымды жебелеп

Енді алдыңнан шығайын

Қар жаңбырдай себелеп

Ақмырзамды өлтірдің

Ақ сойылмен төбелеп

Уа сен танымай кетіп барасың

Мен Арғын деген арыспын

Аузы кере қарыспын

Сен бұзау терісі шүншіксің

Мен өгіз терісі талыспын

Абылай алдында сен бітсең

Құдандалы таныспын

Абылай алдында бітпесең

Атасын білмес алыспын .

Іляс Есенберлин  «КӨШПЕНДІЛЕР», 477бет

Атақты Бұқар жырау бабамыз Керейлерге айтыпты мыс деп келетін  осы бір жырын алғаш оқығанда, Ее... бабаларымыз не көрмеген ,ағайынмен араздасып арқадан кетіпті-ау  деген көңілге күпті тиетін бір өкінішті ойдың шырмауында жүрдік, біраз ғұмыр өтті. Соңында бір ағаларымыз Ілияс Есенберлиннің атақты «Көшпенділер» трилогия романынан түп нұсқасын тауып, бұл жыр «Садыр қайда барасың? деп Найманның  Садыр руына айтылғанын жазған болатын. Бірақ қай қаскүнем біреудің жаласын өзгертіп Керейге бұрып жібергенін итім білсін .Алғашқы сөз қалай бұрмаланды солай тарихта бұрмаланып кете барды .Ал сол жала Ақ табанды шұбырынды Алқа көл сұламада елге жау тиіп, Керейдің алты руы жауға шабылып тоз – тоз болып  терістік сары арқадан ауып  қазіргі Қоргалжын көлінен Қарағандыға дейінгі  аралықта жиналып, Абақ керей болып бірігіп араға уақыт сала шығысқа Алтайға ауып кеткен Керейлерге айтылыпты,- деп тарихқа жазылып тарап кетті. Жас бала кезімде оқыған Көшпенділер романын елу жылдан кейін қайта қолыма алып оқып отырып осы Бұқар жыраудың Садырға айтқан жырын оқығанда таң қалғаным қазақта өтіріктің өзіне емес қисынына сен-дейді ғой .Жаланы бұрмалаушылар қай кезде айтылған сөз екенін қандай оқиғаға байланысты, кейіпкерлерінің сол кезде қанша жас шамасында болғанында ескермепті, әйтеуір сүйекке таңба болған осы ауыр сөзді өз аталарынан  басқа біреуге аударып жіберуге ақылдары жетіпті .Жырда мынандай сөздер бар :

-Ақмырзаны өлтірдің
  Ақ сойылмен   төбелеп,

- бұл Садыр руымен Арғындар арасындағы ескі дау, ол туралы І.Есенберлин анық жазып кеткен. Лепсі өзені бойындағы он мың үй Садыр рулы ел қытай әскері шекара асып келеді дегенді естіп,      Қоқан жағына өтіп Әндижанға  көшіп  бармақшы деген хабар Абылайға жетеді , міне сол кезде Бұқар жыраудың  оларды тоқтатуға  барғанда айтқаны:

-Абылай алдында сен бітсең  
-Құдандалы таныспын
               -Абылай алдында сен бітпесең
  -Атасын білмес алыспын,

- бұл жерде егер көнбесең шауып аламын деп тұр. Бірақ Садыр елінің басшысы Тасболат батыр Абылайдың сәлемі Бұқардын тоқтатуын қабылдап елден кетпей қонысында қалады .Бұл  кезде Абылай үлкен орда ханы болған кез. Ал Абақ Керей Арқадан ауа көшкен кезде 1723-1728-жылдар аралығы.Ол кезде Абылай Бұқар жыраудың айтуынша:

-Ай Абылай ,Абылай!
Мен сені  алғаш көргенде,
Сен қаршадай ғана ұл едің
 Үйсін Төле бидің түйесін баққан құл едің,-дейді

Міне Бұқар жырау ол уақытта жас жігіт Әбілхайыр екеуі Сабалақ пен Ораз құлды көрген кез. Керейлер арқадан шығысқа Алтайға ауып жатқанда Абылай бала болғандығы осыдан белгілі. Ал Бұқар жырау Сарысуды көбелеп көшкелі жатқан  Садырларға барғанда қартайған кезі Абылай елуге келіп қалған.Сөз соңында осы оқиғаны «Көшпенділер» трилогиясының 477 бетінен оқуларыңызға болады. Біздің мақсат келешекте  бабаларымыздың атына таңылған жалған жала ұрпағымыздың бетіне шіркеу болмасын деген ниет ,адамның бәрі бірдей емес талай желді ауыз кездеседі .Сендер қашып кеткенсіңдер бүйткесіңдер дегенді бірнеше рет естідік .Негізінде Арғын мен Керей кісі өлтірісіп кек қуыспаған ағайын .Атақты Қожаберген жырау бабамыз «Елім-ай» дастанында «Керейлер арқадан ауып кеткен соң иен қалған Ерейментауға Шыңғыстаудан Қанжығалы руын, Қаратаудан Атығай-Қарауыл руларын Көкшетауға әкеліп қоныстандырды»,- деп жазып кеткен . Сондықтан ендігі тарих жазатын шығарма шығаратындар осындай деректерді негізге ала отырып ағаттыққа жол бермей жазса екен деген тілекпен әңгімемізді аяақтаймын.

Хайролда Хауан

Арқау ұсынды